«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағы да балық қырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауда­нындағы Питное көлінде биыл да балық қырылды. Тиісті ведомстволардың ма­мандары оқиға орнына ба­рып, неден өлгенін анықтау үшін сына­ма алды.

Облыстық экология департа­менті баспасөз қызметінің мәліме­тінше, 1 тамыз күні балықтың қы­рылғандығы туралы ақпарат түсі­сі­мен жауапты органдардың қыз­меткерлерінен жұмыс тобы құры­лып, олар Питное көліне барған.

Мамандар көлдің жағалауын тексерді, алдын ала есеп бойын­ша, шамамен 100 кг астам мөңке, алабұға балығы қырылған. Су жәндіктерінің неден өлгенін анық­тау үшін көл суының сынамасы, сондай-ақ өлген балықтар зертханалық сараптама жүргі­зу үшін алынды. Қырылған балық­ты Кладбинка ауылдық округінің әкімдігі жинап жойды.

Осыдан үш жыл бұрын да Пит­ное көлінде балық қырылып,  жар­ты тоннаға жуық мөңкенің өлек­сесі табылған еді. Мамандар ол жолы да тексеру жүргізіп, нәти­жесінде балықтың көл түбіндегі күкіртсутектен өлгенін анықтаған еді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp