«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРТАҒА ҚАЙТА ОТЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Білгенім – бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз”, – деген ұстанымда­ғы өңірдің агрономдары жергілікті университеттің партасына қайта жай­ғасты. Бүгінгі ғылым мен техни­каның көз ілестірмей дамыған заманында білімің мен білігіңді жетілдіру артық етпейді.

Саладағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру үшін біліктілікті арттыру кур­сы ашылады дегенді естіп кел­гендердің қарасы қалың. Оларға дәріс оқыған М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан универ­сите­тінің ға­лымдары өндірісте тәжі­рибелері бар мамандарға өздерінің ғылыми тұжырымдамаларын таныстырды.

Оқыту бағдарламасы екі кезеңге бөлінген. Курсқа қатысушылар тео­риялық білімдерін алқап басында өткен тәжірибе сағаттарында шың­дап, емтихан тапсырды. Сүрінбей өткендер сертификатқа ие болады. Бұл құжат үш жылға жарамды.

Қолына құжат тиген мамандар агроном-апробатор атанды. Оның не­гізгі міндеті – алқаптарды зерттеу. Яғни маман танапта таралуы мүмкін аурулар мен зиянкестерді, өсуі ық­тимал арамшөптерді күні бұрын анықтап, ақыл-кеңес береді. Мұндай дерек алтын дән қамбаға құйыл­ғанша дейін қам жейтін диқандарға ауадай қажет екендігі сөзсіз.

Екі апталық курс жыл сайын ұйымдастыралады. Биыл оған 20 адам қатысты. Былтыр біліктілікті арт­тыруға ниеттілер саны едәуір көп болыпты. Университет ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен тығыз қарым-қатынас орнатып, солар арқылы жазғы оқытуға агрономдарды шақырды. Арасында саланың жілігін шағып, майын ішкендермен қатар, ауыл шаруашылығындағы жауапты істі енді қолға алғандар да бар.

Байболат ҚҰЛТАНОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp