«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тарыдай болып кіресің…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде 1-сыныпқа қабылдау мерзімі аяқталды. Облысымыз бо­йын­ша төрт айдың ішінде, яғни 1 сә­уір­ден 1 тамызға дейін 7200-ге жуық өтініш келіп түскен. Өтініштер ата-аналарға ыңғайлы болу үшін “egov.kz” веб-порталы арқылы қабыл­данған.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, электронды құжат қабылдау аяқтал­ғаныменен, оқу жылы басталғанға дейін балаларды 1-сыныпқа қабыл­дау дәстүрлі форматта жалғаса бер­мек. Көрсетілген мәліметтер ішкі көші-қон және өңірімізге көшіп келіп жат­қан қандастар есебінен өзгеруі әбден мүмкін.

Сондай-ақ бекітілген ережелерге сәйкес жалпы білім беретін ұйым­дардың бірінші сыныптарына алты жасқа толған балалар және күнтізбелік жыл алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар бірінші сыныпқа бара алады, себебі күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқығы бар.

Ал баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері оқыту үшін бос орын болған жағдайда кез келген бі­лім беру ұйымдарын таңдауға құ­қығы бар.

– Бастауыш білім беру ұйым­дары дайындық деңгейіне қарамас­тан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын бала­лардың қолжетімділігін қамта­масыз ете отырып, барлық жеті жас­тағы ба­лалардың және күнтіз­белік жыл алты жасқа тола­тын ба­лалардың бірінші сыныпқа қабыл­дануын қамтамасыз етуі тиіс, – деді облыстық білім басқармасы­ның бас­пасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Бірінші сыныпқа қабылдау кезін­де мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен ли­цейлерден басқа білім ордаларында емтихан, тестілеу сынды сынақтар жүргізілмейді. Мектепке дейінгі меке­мелерге бармаған және мектеп алды дайындықтан өтпеген балалар үшін оқу жылының басына дейін дайындық курстары ұйымдасты­ры­лады. Мектеп алды дайындық мін­детті түрде өткізіледі. Оған бірінші сыныпқа баратын барлық балалар қатысуы тиіс.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp