«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әскерилер жарна төлей ме?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әскери қызметшілер тегін меди­циналық көмектің кепілдік берілген кө­лемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтанды­ру аясында медициналық көмек ала алады. Осы екі пакет шеңберінде көр­сетілген медциналық қызметтер бойынша денсаулық сақтау ұйымда­рына қаражатты әлеуметтік медици­на­лық сақтарындыру қоры төлейді.

“Міндетті әлеуметтік медицина­лық сақтандыру туралы” Заңға сәй­кес әскери қызметшілер МӘМС жар­налары мен аударымдарынан боса­тылады, яғни жұмыс берушілер олардың жалақысынан ұстап қалмайды.

Әлеуметтік медициналық сақ­тан­ды­ру қоры МӘМС жүйесінде әскери қызметшілердің мәліметтерін “Адамдарды арнайы есепке алу” ақпараттық жүйесіне ЖСН көрсете отырып енгізілген әскери қызмет­шілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызмет­кер­лері есебінен алады. Олар бойынша деректерді әскери бөлім­дердің, әскери басқару органдары­ның қызметкерлері енгізеді. Қор жүйесінде әскери қызметшінің ЖСН-ы шыққан соң ол автоматты түрде сақтандырылған мәртебесін алады және жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады.

“Әскери қызмет және әскери қыз­метшілердің мәртебесі туралы” Заң­ның 50 және 52-баптарына сәйкес, әскери-медициналық мекемелер әс­кери қызметтен босатылған адамдарға және әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көр­сететін болады. Ол үшін қажетті нормативтік-құқықтық база құрылды.

Әскери-медициналық мекеме­лер ТМККК тізбесі және МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек ая­сында тек әскери қызмет атқарып жүрген қызметкерлер ғана емес, сон­дай-ақ әскери қызметтен босатыл­ған, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде ауруға шалдыққан, сонымен қатар 20 және одан да көп жыл еңбек еткен адамдарға, әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне, азаматтық персоналға, медици­на­лық қызметтердің өзге де тұтынушы­ларына медициналық көмек көрсе­теді.

Әскери қызметшілерге азамат­тық денсаулық сақтау желісінде ме­дициналық көмек көрсету тіркелген жері бойынша емханада жүзеге асырылады. Қолданыстағы заңнамаға сәй­кес, келісімшарт бойынша әскери қыз­метшілердің отбасы мүшелері, сондай-ақ әскери қызметтен боса­тылған адамдар тіркелген денсау­лық сақтау ұйымдарында амбулат­ориялық-емханалық көмек алады. Сондай-ақ әскери-медициналық мекемелер мен тіркелген емханасы арасында бірлесіп орындау шарты болса, учаскелік дәрігер консуль­тациялық-диагностикалық көмек алуға жолдама береді.

Айта кетерлігі, осы санаттағы адамдарды әскери-медициналық ме­кемелерге жоспарлы стационарлық емдеуге жатқызу тіркелген медициналық мекемеде “Емдеуге жатқызу бюросы” порталы арқылы жүзеге асы­рылады. Шұғыл жағдайларда әрі қатты ауырсыну кезінде емдеуге жат­қызу жедел медициналық жәрдем немесе өз бетінше жүгіну бойынша жүргізіледі.

Еліміздің Қарулы Күштерінде мер­зімді әскери борышын өтеп жүр­ген сарбаздар да жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған. Яғни жұмыс істеп жүріп, әскерге кеткен азаматтар жарналар мен аударымдарды төлемейді және олар үшін қарыз жиналмайды керек.

Сарбаздар туралы деректерді қор­ғаныс органдары жібереді. Егер қандай да бір себептермен мәлі­меттер уақтылы жіберілмей қалса, берешек пайда болады. Бұл жағдай­да әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қоры басшысының атына берешекті жою туралы өтініш жазып, әскери билеттің сканерленген нұсқа­сын тіркеп “kanc@fms.kz” электрон­дық мекенжайына жіберу керек. Егер әскерде борышын өтеп жүрген азамат үшін жарна төленсе, “Аза­маттарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы арқылы қате төленген жарналарды қайтаруға өтініш бере алады.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp