«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Пошташылар додасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шілде айының соңғы сенбісінде Петропавл қаласы маңындағы “Бе­резка” жазғы демалыс базасында “Қазпошта” акционерлік қоғамының 30 жылдығына арналып, спорттық дода ұйымдастырылды. Оған сала мамандары қатысты. Жарыс спорттың жеті түрі – футбол, волейбол, гір спорты, тар­ты­лу, үстел теннисі, дартс, ұзындыққа секіруден өтті.

“Қазпошта” облыстық филиалы­ның басшысы Нұркен Рүстем өзінің құттықтау сөзінде мұндай шараны өткізудегі мақсат сала еңбеккерлерін саламатты өмір салтына тартумен қатар, қызметкерлер арасындағы достық байланыс пен еңбек ұжым­дарында микроклиматты жақсарта­ды деген пікірін жеткізді.

Солтүстікқазақстандық филиал биылғы бірінші жартыжылдықтың қо­рытындысы бойынша елдегі пошта бөлімдерінің арасында үздік деп танылған.

Жарыс бар жерде, жеңімпаздар да анықталады. Бұл жолы арнайы байланыс бөлімінің ко­мандасы жеңіске жетті. Екінші орын­ды – облыстық филиал­дың, үшінші орынды Айыртау және Тайынша аудандарының командалары бөлісті.

Жеке біріншіліктің де өз жеңім­паздары болды. Оларға да бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді. Спартакиадаға 150-ге жуық спортшы қатысты.

Ақ-Ләйлек ЖАУКИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp