“Құлагер” командасы алдағы хоккей маусымына қамдануда. Клубта оқу-жаттығу жиындары басталды. Сондай-ақ солтүстікқазақстандық ұжымның қатарына жаңа ойыншылар қосылды.
Жақында клуб екі хоккейшімен келсімшартқа отырды. Оның бірі – ресейлік шабуылшы Артем Гарифуллин. Ярославль хоккей мектебінің түлегі өткен маусымда екі команда сапында ойнап үлгерді. Алдымен спортшы Францияның “Магнус” лигасындағы “Бриансон” командасында өнер көрсетіп, 50 кездесуде 26 ұпай жинады. Кейін атыраулық “Бейбарыста” бағын сынап, ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
“Құлагер” клубы ресейлік қорғаушы Станислав Калашниковты да өз құрамына алды. Бұған дейін ойыншы Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсеткен болатын. 32 жастағы спортшы “Авангард”, “Северсталь”, “Нефтехимик”, “Югра” және “Торпедо” командалары сапында ойнаған.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.