«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Тамыз 6, 2023

КӨЗ ТАРТАР КЕСТЕЛЕР

Облыс орталығындағы “Qyzyljar” арт орталығы тұрғындарды тағы бір тамаша шарамен қуантты. Түрлі көр­мелер мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкелері жиі өтетін орында қа­ладағы кесте тігу шеберлерінің бұйымдары қойылған. Жібектей нә­зік ақ жіптен дөңгелетіп тігілген 50 кесте біріге келіп үлкен фотозона жасап тұр. Мұндағы 50 бұйымның әрқайсысы өзінше ерекше, бір-бірін қайталамайды. Сонысына қарамас­тан бәрі біріге келіп үйлесімді көрініс …

КӨЗ ТАРТАР КЕСТЕЛЕР Read More »

Зылиханың табағы

Музейіміздің қорында Мағжан Жұмабаевтың зайыбы Зылиха­ның табағы бар. Фарфор ыдыс ХІХ ғасырда Қытайда жасалған. Ыдыс дөңгелек пішінді, глазурмен безен­ді­рілген, түрлі-түсті гүлді ою-өрнек салынған. Табақты музейге Мағ­жанның немере інісі Тасболат Бе­кенов тапсырған. Зылиханың табағын айтып отыр­ған соң өмірінен ақпарат бере кеткенді жөн болар. Зы­лиха Жұмабаева 1894 жылы Қызылжар қаласында дү­ниеге келген. Әкесі – Құрманбай, анасы – …

Зылиханың табағы Read More »

Білгенін үйретуге асық

Облыстық полиция департа­ментінің мамандары қаупі көп қауырт қызметтен қолы қалт еткен­де біл­гендерін жастарға үйретіп, жатты­ғулар өткізуге де уақыт тауып жүр. Де­партаменттің арнайы және жұмыл­дыру дайындығы басқарма­сының инспекторы, полиция аға лейтенан­ты Марлен Баранбаев қызмет ба­рысында жедел уәкілдер­ді, тергеуші­лер мен криминалис­терді қоян-қол­тық ұрысқа үйретсе, жұмыстан бос уақытында балалар секция­сында жаттығулар жүргізеді. Аталған бөлімшеде бір жарым жылдан астам …

Білгенін үйретуге асық Read More »

Командада – қос легионер

“Құлагер” командасы ал­да­ғы хоккей маусымына қамда­нуда. Клубта оқу-жаттығу жиындары бастал­ды. Сондай-ақ солтүс­тікқазақстандық ұжымның қатарына жаңа ойыншылар қосылды. Жақында клуб екі хоккейшімен келсімшартқа отырды. Оның бірі – ре­сейлік шабуылшы Артем Гарифул­­лин. Ярославль хоккей мекте­бінің түлегі өткен маусымда екі команда са­пында ойнап үлгерді. Алдымен спорт­шы Францияның “Магнус” лига­сындағы “Бриансон” командасында өнер көрсетіп, 50 кез­десуде 26 ұпай жинады. …

Командада – қос легионер Read More »

Ит-мысыққа чип салынуда

Облыста иттер мен мысықтарды таңбалау жұмыстары жалғасуда. Сәуір айынан бері аймақта 1550 үй жануарына чип салынды. Жалпы өңірде қаңғыбас иттерді таңбалауға, екпе салдыртуға және зарарсыздандыруға облыс бюджеті­нен 53,4 млн. теңге бөлінді. Бүгінде аталмыш жұмыспен “Шевелева” жеке кәсіпкерлігі айналысып жатыр. – Сәуірдің 10-нан бастап, иесіз жүрген 135 жануарға таңба қойы­лып, зарарсыздандырылды. Тиісті санитарлық шаралар қолданыл­ғаннан кейін …

Ит-мысыққа чип салынуда Read More »

Тіркелмеген қару

Облыс полицейлері адамдарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартпай, тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады. Мамлют ауданындағы елді ме­кен­дердің аулаларын аралау кезін­де 38 жастағы азаматтан 16 калибрлі “ТОЗ” аңшылық мылтығы табылды. Ол оны көктемде дала жұмыстары кезінде тауып алғанын айтқан. Ал Жамбыл ауданында полиция 32 жас­тағы малшыдан 16 калибрлі “ИЖ” мылтығын тапты. Заңсыз қаруды сақтау фактісі …

Тіркелмеген қару Read More »

Ұлтараздық тудырған

Петропавл қалалық соты ұлт­ара­лық алауыздықты қоздыру, аза­маттардың ұлттық ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн қорлау, сондай-ақ Қа­зақстан Республикасының тұтасты­ғын бұзуға жария түрде шақыру бабы бойынша Л.-ға қатысты істі қарады. Ер адам 2014 жылдан 2022 жыл­ға дейінгі кезеңде ұялы телефон арқылы “Facebook” әлеуметтік желісін­де алауыздықты қоздыруға бағытталған жазбаларға репосттар жа­сап, пікірлер жариялап отырған. Сон­д­ай-ақ ел тұтастығын бұзуға шақыр­ған жазбалар …

Ұлтараздық тудырған Read More »

Толқыннан толқын туар

Солтүстіктің киелі топырағында толғатқан алтын құрсақты аяулы ана­ларымыз өмірге талай тау тұлғалы ұл­дарды әкелді. Қазақ әдебиетінің көшіне дара жа­ңалығы, бай мұрасы­мен қосылған поэ­зияның жарық жұл­дызы Мағжан, сөз зергерлері Ғабит, Сәбит, Сафуан, қара өлеңнің жезкиігі Кәкімбек – есімдерін елі ардақта­ған алыптар шоғыр. Демек “су ба­сынан тұнса, аяғындағы ағайын да тұны­ғынан шөлін қандырар”, – деген­дей алдыңғы толқынның …

Толқыннан толқын туар Read More »

“Темір тұлпармен” Түркияға дейін барды

Ел-жер көріп, саяхат жа­сау әркімге ұнары анық. Еңбек де­малысында сапарға шығу көпшіліктің әдетіне айналған. Қыдырудың жолы да көп. Біреулер сапарын туристік агенттіктер арқылы ұйымдас­тырса, тамыр-таныстарының шақыртуымен жолға шығатындар бар. Жұмыс барысымен қыдыратындар да аз емес. Сондай-ақ темір тұлпа­рына мініп, дала мен қала кезіп, жиһангез болып жүргендер де баршылық. Солардың бірі – жерлесіміз Қанат Омаров. Қанат …

“Темір тұлпармен” Түркияға дейін барды Read More »