Облыс полицейлері адамдарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартпай, тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.
Мамлют ауданындағы елді мекендердің аулаларын аралау кезінде 38 жастағы азаматтан 16 калибрлі “ТОЗ” аңшылық мылтығы табылды. Ол оны көктемде дала жұмыстары кезінде тауып алғанын айтқан. Ал Жамбыл ауданында полиция 32 жастағы малшыдан 16 калибрлі “ИЖ” мылтығын тапты. Заңсыз қаруды сақтау фактісі учаскелік инспекторлар мен табиғат қорғау полициясы қызметкерлерінің мал ұрлығының, экологиялық және басқа да қылмыстардың алдын алу бойынша жоспарлы шаралары кезінде анықталған. Енді олар заң алдында жауап береді.
Жыл басынан бері облыста 64 қару-жарақ тәркіленді. 23 адам заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырды. Тиісті тексерулерден кейін олар толығымен жауапкершіліктен босатылды.
Әсет ҚАНАФИН.