«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Командада – қос легионер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Құлагер” командасы ал­да­ғы хоккей маусымына қамда­нуда. Клубта оқу-жаттығу жиындары бастал­ды. Сондай-ақ солтүс­тікқазақстандық ұжымның қатарына жаңа ойыншылар қосылды.

Жақында клуб екі хоккейшімен келсімшартқа отырды. Оның бірі – ре­сейлік шабуылшы Артем Гарифул­­лин. Ярославль хоккей мекте­бінің түлегі өткен маусымда екі команда са­пында ойнап үлгерді. Алдымен спорт­шы Францияның “Магнус” лига­сындағы “Бриансон” командасында өнер көрсетіп, 50 кез­десуде 26 ұпай жинады. Кейін атыраулық “Бей­барыста” бағын сынап, ел бірінші­лігінің қола жүлдегері атанды.

“Құлагер” клубы ресейлік қор­ғаушы Станислав Калашниковты да өз құрамына алды. Бұған дейін ойыншы Құрлықтық хоккей лигасын­да өнер көрсеткен болатын. 32 жастағы спортшы “Авангард”, “Север­сталь”, “Нефтехимик”, “Югра” және “Торпедо” командалары сапын­да ойнаған.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp