«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Александрдың алтыны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Astana Qazaqstan Team” велокомандасының бас ме­неджері, танымал қазақстан­дық велошабандоз Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында топ жарды. Жерлесіміз 50 жастан асқан спортшылар сана­тында алтыннан алқа тағынды.

Солтүстікқазақстандық ар­дагер-спортшы Глазгодағы әлем чемпионатына қатысу туралы ше­шімге “Тур де Франс” веложарысы кезінде келген. Александр Вино­куровтың сөзінше, соңғы жылдары жасы 50-ден асқан қатысушылар арасындағы сайыстар жиі ұйым­дас­тырылуда.

– Біздің командамыз “Тур де Франс” веложарысына қатысып жатқан тұста өз мүмкіндігімді әлем чемпионатында сынап көру туралы ойладым. Глазгоға барып, өз жас санатымдағылар арасында тір­келдім. Сайыс қиынға соқты. Мә­реге үш спортшы келе жатты. Бар­лығы да мықтылар. Мен тәжіри­бемнің арқасында бірінші келдім, – дейді Александр Винокров.

Әлем чемпионатында екінші орынға испандық велошабандоз Рауль Патино табан тіресе, үздік үш­­тікті Адриан Яш түйіндеді. Бұған дейін жерлесіміз Тайландтағы Азия чемпионатында алтын ме­даль еншілеген болатын.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp