«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Тамыз 7, 2023

БАЛ ҚЫМЫЗ БАПТАҒАН

Қамбар ата тұқымының бабын тауып, балдай қымыз сапырып, несібесін еселеп отырған кәсіпкерлердің бірі – Дулат Қаймақов. Ол бұл кәсіпті отбасылық бизнеске айналдырып, облыс орталығы мен өз ауылының тұрғындарының сұранысына ие сусын түрін шығарып келеді. Облыс орталығына жақын әрі малға жайлы Қызылжар ауданындағы Чапаево ауылында тұратын кәсіпкердің өз ісін кеңейтудің жолын іздеп жүргеніне аз болмапты. Елді …

БАЛ ҚЫМЫЗ БАПТАҒАН Read More »

Бизнес-жоспар – кәсіптің кілті

Бизнес-жоспар  дегеніміз не? Бүгінгі таңда бұл экономикалық терминге берілген анықтама көп. Мамандардың айтуынша, бизнес-жоспар – бастайын деп отырған ісіңізді ұсақ-түйегіне дейін суреттейтін құжат. Яғни нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспар – кәсіпкердің іс-әрекет құралы, алға қойған мақсаттарына жетелейтін бағыт-бағдары. Сондықтан дұрыс құрылған жоспар тиімді кәсіптің кілтіне айналары анық. Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлініп …

Бизнес-жоспар – кәсіптің кілті Read More »

Жомарт жандар жиналған

Айналамызға зер сала қарасақ, көмекке мұқтаж жандардың аз емес екенін байқаймыз. Алайда күнделікті тұрмыстың қамымен жүрген көбіміз қасымыздағы адамдардың басына түскен мәселелерге мән бере бермейміз. Жәрдем сұрағанның бәрін риза етіп, түйінін шешу де қолымыздан келмесі анық. Десе де ел болып жұмылып, қиын жағдайда қалғандарға көмек қолын созсақ, алынбайтын асу жоқ. Осы жолды мақсат етіп, елден …

Жомарт жандар жиналған Read More »

ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің қатарына жақында қосылған сарбаздар ант қабылдады. Әскери рәсімге Ұлттық ұланның басшылығы мен ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен туыстары қатысты. Ұлттық ұлан егемендіктің алғашқы күндерінен бастап елдің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында алғы шепте келеді. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпіріндегі әскери бөлімшелер жас сарбаздармен толығуда. Әскери ант қабылдау – сарбаздар үшін …

ЕЛ ҚОРҒАНЫ Read More »

ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ

Елімізде 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының,  …

ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ Read More »

Солтүстіктегі сәтті бастамалар

Облысымызға  жұмыс сапарымен еліміздің Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров келді. Ол өңіріміздегі бірнеше нысанға ат басын тіреп, жұмыс барысымен танысты. Мамандарға мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетілетінін жеткізіп, жекелеген адамдардың өтініштерін тыңдады. Әлібек Қуантыров барған алғашқы нысан – Петропавлдағы Караван көшесі бойында орналасқан  темір жолдың үстінен өтетін көпір. Темір жол магистралі Петропавл қаласын екіге бөліп тұр. …

Солтүстіктегі сәтті бастамалар Read More »

Суармалы алқап екі есе ұлғайтылды

Солтүстікқазақстандықтар шөп шабу науқанына кіріскелі бір ай уақыт өтті.  Осы уақыт ішінде шаруашылықтар 741,7 мың тонна шөп, 175 мың тонна пішендеме дайындап үлгерді. Шөптің қажетті мөлшері 940 мың тонна болса, жоспар 78,9 пайызға орындалды. Табиғи шабындықтардың шығымдылығы гектарынан 5-8 центнерден айналуда. Облыста мал шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Жыл сайын он шақты заманауи тауарлы-сүт фермасы іске …

Суармалы алқап екі есе ұлғайтылды Read More »

ҚОЛДАУ ТАПҚАН ҰСЫНЫСТАР

“Ауыл” халықтық демократиялық патриоттар партиясы “Қазақстан Республикасындағы жеке және мемлекеттік меншіктің тоқтап тұрған нысандарын шаруашылық айналымына енгізу бойынша ұсыныстар” тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Жиынға барлық облыс әкімдерінің орынбасарлары, қаржы басқармаларының, әлеуметтік-кәсіпкерлік қорпорациялардың басшылары мен “Ауыл” ХДППнан сайланған облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, жергілікті партия ұйымдарының төрағалары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Ауылдықтар сайлауалды бағдарламасы аясында қаладағы бизнесті елді …

ҚОЛДАУ ТАПҚАН ҰСЫНЫСТАР Read More »

ТАҢҒАЖАЙЫП ТУЫНДЫЛАР

“Qyzyljar-ART” орталығында суретші Анна Брыкина қала тұрғын­дары мен меймандарына арнап “Пе­реливы” сурет көрмесін өткізді. Сөреге қойылған 24 туындының әрқайсысы көрерменнің көңіліне өткен күндер­дің тәтті елесіндей әсер сыйлады. “Радуга” балаларды дамыту ор­та­лығында бейнелеу өнерінен сабақ беретін Анна Брыкина бұрын қаржы саласында қызмет атқарған. “Жас кү­німнен сурет салуға құмар болдым. Кез келген адам бойындағы таланты мен талабын …

ТАҢҒАЖАЙЫП ТУЫНДЫЛАР Read More »

“Айналайындар, мұғалім болыңдар!”

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсын­ұлы алғашқы саяси қуғын-сүргіннен елге аман келгенде, елшіл жас буын өкілдері амандаса барыпты. Рухы күшті Ақаң олардан халық жайын біліп, біраз сұқбат құрады. Шығарда біреуі тәуекел етіп: “Ахмет аға, сізден бата сұраймыз!” депті. Сонда Ақаң жарықтық: “Айналайындар, мұғалім болыңдар!” деп бірауыз бата берген екен… Біздіңше, осы Ахмет Байтұр­сын­ұлының бірауыз батасы қазір де …

“Айналайындар, мұғалім болыңдар!” Read More »

Қажымұқанның ізбасарлары

Петропавлда алғаш рет “Қажы­мұқан жолы” атты жоба жүзеге асы­рылды. Жарыс Гиннес рекордтар кітабының Қазақстандағы ресми амбассадоры Сергей Цырульни­ковтың бастамасымен өтті. Бұл жоба елімізде осымен сегізінші жыл қатарынан ұйым­дастырылып отыр. Бұған дейін алып күш иелері қатысқан жарыс Ақ­тө­бе, Түркістан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарынанда өткен болатын. Оның басты мақ­саты – Қажымұқан Мұңайтпасұлы сал­ған сара жолды жалғастыруды …

Қажымұқанның ізбасарлары Read More »

Александрдың алтыны

“Astana Qazaqstan Team” велокомандасының бас ме­неджері, танымал қазақстан­дық велошабандоз Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында топ жарды. Жерлесіміз 50 жастан асқан спортшылар сана­тында алтыннан алқа тағынды. Солтүстікқазақстандық ар­дагер-спортшы Глазгодағы әлем чемпионатына қатысу туралы ше­шімге “Тур де Франс” веложарысы кезінде келген. Александр Вино­куровтың сөзінше, соңғы жылдары жасы 50-ден асқан қатысушылар арасындағы сайыстар жиі ұйым­дас­тырылуда. – Біздің …

Александрдың алтыны Read More »

Қолды болған гербицид

Тайынша аудандық полиция бө­ліміне ауыл шаруашылығы кәсіп­орын­дары бірінің қауіпсіздік қызметі­нің бастығы жүгінген. Ол жалпы со­масы 34 миллион теңге болатын гер­бицид құйылған 84 қораптың ұрлан­ғанын айтқан. Ұйымдасқан қылмыс­қа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі аудандық криминалдық поли­ция қызметкерімен бірлесіп, ұрланған заттардың сатылуы мүмкін орындары туралы ақпаратты тексеру үшін ауқымды жұмыс атқарды. Үш …

Қолды болған гербицид Read More »

Мұржаның құлауына қатысы жоқ

Қалалық сотта Петропавл №2 жылу электр орталығында құлаған мұржаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Прокурор кәсіпорынның бұрын­ғы директоры Ержан Қоңырбаевты, бас инженер Сергей Торохтийді және қазандық цехының бастығы Сергей Марченконы міндеттеріне адал қарамау бабы бойынша (қыл­мыстық кодекстің 254-ші бабы) айыпты деп тануды, осыған орай мем­лекеттік қызметте басшылық лауазымдарды атқару құқынан айы­ра отырып, әрқайсысына бас бос­тандығын шектеу …

Мұржаның құлауына қатысы жоқ Read More »

Жолдағы қайғылы жағдай

Мағжан Жұмабаев аудандық по­лиция бөліміне Қарақоға мен На­деж­ка ауылдарының арасындағы жол­дың ше­тінде еш қимылсыз екі адам­ның жат­қаны туралы хабарла­ма келіп түскен. Оқиға орнынан полиция қыз­меткер­лері осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғындарының денесін тапты. Сондай-ақ жақын жер­де балаларға арналған қо­ларбада жат­қан кішкен­тай сәби табылған. Қазір бала орталық аудандық ау­руханадағы балалар бөлімінің бақы­лауына алынған. Жедел-іздестіру іс-шаралары …

Жолдағы қайғылы жағдай Read More »

Серісі серілердің — Сегіз сері

Сегіз сері Бахрамұлы (шын есімі Мұхаммед-Қанафия) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Гүлтөбе-Маманай деген атақты мекенде 1818 жылы туып, 1854 жылы 36-дан 37-ге қараған үш мүшел жасында өмірден өткен. Ата-анасынан жастай жетім қалған оны би болған атасы Шақшақ тәрбиелеп, алғыр баланы молдадан ғана оқытпай И.Прохоров деген қашқыннан орысша да сауатын аштырады. Сегіз ауыл молдасынан алған …

Серісі серілердің — Сегіз сері Read More »

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Асыл дініміздің негізі қасиетті Құ­ран мен ардақты Пайғамбарымыз­дың (оған Алланың салауаты мен сә­лемі болсын) сүннеті екендігі мәлім. Алайда Пайғамбарымыз дүние сал­ғаннан кейін қасиетті Құран аяттары мен Алла елшісінің хадистерін бұр­малап түсіндіруші түрлі топтар пай­да болды. Насихат сұраған сахабасына Пайғамбарымыз: “Ұлық Алла Тағаладан қорқыңдар. Расында, араларыңдағы ұзақ өмір сүргендер, көп ұрыс-керіске (фит­наға) тап болады, сондықтан сен­дерге …

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ Read More »

Тұрмыстық зорлық-зомбылық тыйылмай тұр

Жыл сайын жақын адамының қолынан 500-ге жуық қыз-келіншек көз жұмып, полицияға жан ұшыра шырқырап көмек сұраған қыз-келіншектерден 100 мыңнан астам қоңырау түседі. Соңғы бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өтініштер саны 3 есеге артты. Биылдан бастап еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қолданыстағы кодекс баптары қатаңдатылды. Отбасындағы зорлық-зомбылық – агрессияның ең көп таралған және …

Тұрмыстық зорлық-зомбылық тыйылмай тұр Read More »