Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің қатарына жақында қосылған сарбаздар ант қабылдады. Әскери рәсімге Ұлттық ұланның басшылығы мен ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен туыстары қатысты.
Ұлттық ұлан егемендіктің алғашқы күндерінен бастап елдің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында алғы шепте келеді. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпіріндегі әскери бөлімшелер жас сарбаздармен толығуда. Әскери ант қабылдау – сарбаздар үшін маңызды оқиға, мәртебелі сәт. Олар бұл күні елдің Ұлттық ұланның сарбаздары қатарына ресми түрде қосылады.
6637 әскери бөлімінің биылғы көктемгі шақырылымына 200-ге тарта жас жігіт ілікті. Жас сарбаздар Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан облыстарының азаматтары. Олар бір жыл Отан алдындағы борыштарын өтемек.
Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.