«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұржаның құлауына қатысы жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық сотта Петропавл №2 жылу электр орталығында құлаған мұржаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Прокурор кәсіпорынның бұрын­ғы директоры Ержан Қоңырбаевты, бас инженер Сергей Торохтийді және қазандық цехының бастығы Сергей Марченконы міндеттеріне адал қарамау бабы бойынша (қыл­мыстық кодекстің 254-ші бабы) айыпты деп тануды, осыған орай мем­лекеттік қызметте басшылық лауазымдарды атқару құқынан айы­ра отырып, әрқайсысына бас бос­тандығын шектеу түріндегі жаза та­ғайындауды сұраған болатын. Салғырттың салдарынан 150 метрлік мұржа опырылып түсіп, адам өліміне, ғи­мараттар мен жабдықтардың бүлі­нуіне әкеліп соқтырған.

Айыпталушылар мұржадағы ақаулар бұрынғы басшылық тұсын­да орын алғанын, анықталған кемшіліктер жойылмағанын, нысанның апат­тық жағдайда жұмыс істеуі жалғасқанын алға тарта отырып, өз­дерінің еш кінәсіз екендіктерін дәлел­деп бақты. Адвокаттар да бұлтарт­пас айғақтар келтірді.

Қалалық соттың судьясы Алмас Жұмағазин екі тараптың дәлел-айыптауларын сараптай келіп, сот­талушыларды ақтау туралы үкім шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Динара ТӨЛЕҢГІТОВА,

облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp