«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Айналайындар, мұғалім болыңдар!”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсын­ұлы алғашқы саяси қуғын-сүргіннен елге аман келгенде, елшіл жас буын өкілдері амандаса барыпты. Рухы күшті Ақаң олардан халық жайын біліп, біраз сұқбат құрады. Шығарда біреуі тәуекел етіп: “Ахмет аға, сізден бата сұраймыз!” депті. Сонда Ақаң жарықтық: “Айналайындар, мұғалім болыңдар!” деп бірауыз бата берген екен…

Біздіңше, осы Ахмет Байтұр­сын­ұлының бірауыз батасы қазір де аса көкейкесті. Бүгін – көкірек көзі ашық азаматтардың үйде, түз­де, қызметте, түрлі ортада мұғалім болатын кезеңі. Ақаң дәстүрлі “Молда бол!” деген батаны (оның да мағынасы – тазалық пен ұс­таз­дық) неге жаңа заманға сәйкестіріп айтты? Бұл – “елге, ұлтқа, білімге, мәдениетке, тәртіпке, әр іске жауап­ты болыңдар!” деген сөз.

80 жылдардың соңынан күні ке­шеге дейін жер бауырлап қалған мұ­ға­лімдік маман­дықтың, шүкір, еңсесі көтерілді. Бірақ “Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады” де­ген даналық бар. Ойдағы-қырдағы қайбір мектеп мұғалімінің қайсыбір кемшілігін көрсек те, “сала түзеліп келеді, осы үрдіс бірте-бірте сапа­сызды, анти-ұстазды қуады” деп, жақсылықтан үміттенеміз.

Мұғалімі кем мектеп жүргізу­шісі жол-жөнекей түсіп қалып, қаң­тарылып тұрған көлік секілді.

Қазір әлемде “білім инфля­циясы” деген қатер бар. “ЮНЕСКО” дерегіне қарағанда, жаһан универ­ситеттері соңғы 30 жылда адам­зат тарихында даярланған күллі ма­ман санындай мөлшерде түлек шы­ғарыпты. Бір кезде білімнің идеалы – “профессор даярлау” еді, бүгінігі мұраты – “жақсы адам әзірлеу, шығармашылықты қолдау” болып тұр. Мұның сабағы неде? Әрине, барлық істе ақыл, есеп, жауапкершілік алға шығуы керек.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ,

академик.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp