«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Онлайн оқулық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде цифрландыру са­ласы қарқынды дамып ке­леді. Мәселен, көптеген қыз­метті электронды үкімет арқылы он­лайн ала беруге болады. Енді білім саласы да цифрлық тех­нология мүмкіндігін пайдаға асырып, оқулықтарды онлайн форматқа көшіріп жатыр.

Қазіргі кезде оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшіріл­ген. Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сарап­тамадан өтіп, оқу-əдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтарды əзірлеу­ге 11 баспа тартылған. Пəндерді оқытудың инновациялық тəсілде­рін енгізу мақсатында педагогтардың оны пайдалануы үшін əдістемелік ұсы­нымдар əзірле­ніп, оқытылған.

– Қазіргі күні еліміздегі бас­тауыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9 сынып оқу­лықтарының 81 пайызы, 10-11 сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пəндерді цифр­лық оқулықтармен 100 пайыз қамту жоспарланған, – деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Оқу-ағарту министрлігінің мəлі­метінше, электронды оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу ма­териалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары да жиі қолданылады. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллиондай оқушы мен мұғалім қолданып ке­леді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныпты қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp