«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Электрондық саудаға қатысу талаптары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Солтүстік Қазақстан мемлекет­тік мүлік және жекешелендіру де­партаменті” мемлекеттік мекемесі мем­лекет меншігіне өткен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану бойынша жұ­мыс­­тарды ұйымдастырады.

Департамент айына кем дегенде бір рет электрондық аукциондар өт­кі­зіп, онда мемлекетке түскен мүлік са­тылымға шығарылады. Электрон­дық аукциондар мемлекеттік мүлік тізілі­мі­нің “www.gosreestr.kz” веб-порталында электрондық аукцион нысанында өткізіледі. Аукцион еліміздің қолданыстағы заңнама­сын­да көзделген мереке және дема­лыс күндерін қоспағанда, сейсенбі­ден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтеді және Астана уақыты бойынша сағат 15:00-ден ке­шіктірілмей басталады.

 Веб-порталда жұмыс істеу үшін компьютеріңізге “NCALayer” соңғы нұсқасын орнату және халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе “www.pki.gov.kz” сайтында бе­рілген Ұлттық куәландырушы орталық­тың элек­трондық цифрлық қолтаң­басын алу қажет. Әрі қарай, веб-порталда қатысушының жеке каби­нетіне тіркелу керек. Іс-әрекеттердің реттілігі көрсетілген нұсқаулық “www.gosreestr.kz” мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналас­тырылған.

Аукцион өткiзу туралы хабарла­ма ол ұйымдастырылғанға дейiн ке­мiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын тізі­лімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Хабарлама жарияланғаннан кейін са­туға арналған веб-порталда орналас­тырылған мүлікті тексеруге тегін қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Қатысушыларды тіркеу аукцион өт­кізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін бес минут бұ­рын аяқталады.

Аукционға қатысуға өтінім беру үшін қатысушылар хабарламада көр­сетілген бірыңғай оператордың банктік деректемелеріне кепілдік жарна ен­гізеді. Кепілдік жарнаны қа­тысушы немесе оның атынан кез кел­ген басқа жеке немесе заңды тұлға төлейді. Ке­пілді жарнаны енгізу ке­зін­де төлем құ­жатында төлем мақ­сатына қарай қа­тысушының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсету қажет.

Кепілдік жарна қатысушы аук­ционға қатысу үшін осы кепілдік жарнаны төлеген нысанды сатып алу құ­қығын береді. Аукционды жеңіп ал­ған және сатып алу-сату шартын жа­сасқан қатысушының кепілдік жарна­сы сатып алу-сату шарты бойынша тиісті төлемдерге алынады, ал егер қатысушы жеңімпаз болып та­былма­са, кепілді жарна үш жұмыс кү­нінен кешіктірмей қатысушы көрсеткен деректемелерге қайтарылады. Аук­цион жеңімпазы аукцион қорытын­ды­лары туралы хаттамаға неме­се са­тып алу-сату шартына қол қоймаса, кепілдік жарна қайтарыл­майды.

Кепілдік жарна төленгеннен кейін аукционға қатысуға өтінім беру басталады. Мемлекеттік мүлік тізілі­мі арқылы жеке немесе заңды тұлға ретінде тіркелу үшін қатысушы жеке ка­бинетке өту керек. “Файлдан ЭСҚ сертификатын” таңдасаңыз, қатысу­шы­ның жеке немесе заңды тұлғаның профилі шығады. Сіздің жеке каби­нетіңізде “электрондық аукциондар” туралы ақпарат пайда болады, “бар­лық аукциондар” тармағын таңдап, кепілдік жарна төленген таңдалған лот нөміріне өту керек.

Қажетті лот пайда болғаннан кейін “қолдану” бөлігін таңдау қажет. Содан кейін тендерді ұтып алмаған жағдайда қаражат қайтарылатын банктік деректемелер (банктің атауы, ИИК, шот нөмірі); “кепілдік төлемдер”, кепілдік төлем сомасын белгілеңіз.

Өтінішті қабылдау үшін элек­тронды қолтаңбамен қол қойып, жі­беру керек. “Файлдан ЭСҚ сертифи­катын” таңдаңыз және кілттің екінші жолына қол қойыңыз. Қол қойылғаннан кейін экранда “өтінішіңіз қабыл­данды” деп көрсетіледі. Тізілімнің вебпорталы өтінішті тіркегеннен кейін үш минут ішінде тізілімнің де­рекқорында өтінім берілген мүлікке кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуына автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

Аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде қатысуды растау қажет, әйтпесе қатысушы саудаға жіберілмейді. Сауда-саттық электрондық “аукцион залында” жүзеге асырылады. Егер қатысушы тауардың баға­сына қанағаттанса, онда “ағымдағы баға ұсынысы” жолында “растау” ұясы белгіленеді.

Әрбір сатылған мүлік бойынша аук­цион нәтижелері аукционның нә­тижелері туралы электрондық хаттамамен рәсімделеді, оған сатушы және жеңімпаз аукцион өткізілетін күні ЭСҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды. Хаттама негізінде сатушы сатып алу-сату шартын жасайды және оны жеңімпазға бекітуге жібереді.

Сатып алу-сату шартын жасас­қан­нан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде тауарға төлем толық көлемде жүр­гізілуге ​​тиіс. Кепілдік жарнаның со­масы сатып алынған тауар үшін тө­лемге қосылады. Төлем толық төлен­геннен кейін 10 жұмыс күні ішінде сатып алынған мүлікті алу қажет. Көр­сетілген мерзім бұзылған жағдайда сатып алу-сату шарты біржақты тәртіппен бұзылады, мүлік қайтадан аукционға шығарылады.

Виталий ЛИСТОПАДНЫЙ,

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp