«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жасарған жаман ауру

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы уақытта нәзік жандар ара­сында жатырдың қатерлі ісігіне шал­дыққандар саны көбеюде. Маман­дар­дың айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын аты жаман дертпен 45 жастан асқандар ауырса, соңғы кез­дері ісік 25-30 жастағы қыз-келіншектерден табылуда. Биыл онколо­гиялық орталыққа жүгінген 35 адам­нан жатыр обыры анықталған.

– Қыз-келіншектердің 33-інде ісік ерте сатысында анықталды. Ал екеуінікі – 4-ші деңгей. Біреуі үй жағ­дайында өз бетінше емделмек бол­ған. Екіншісі ақхалаттылардан ұя­лып келмеген, – дейді облыстық көп­бейінді аурухана жанындағы онко­ло­гиялық орталықтың онкогинеко­логы Ольга Краснопевцева.

Аурудың пайда болып, асқынуының бірнеше себебі бар, соның ішінде семіздік, қант диабеті мен артериалды гипертен­зия көп әсер етеді. Ең жаманы бұл дертке шалдыққан нәзік жандар құрсақ көтере алмайды.

Мамандар науқастарды хирур­гиялық, химиялық-терапиялық, сәулелі және гормоналды терапиялық жолмен емдейді. “Жатырдан қанды сұй­ықтық бөлінсе дереу дәрігерге көріну қажет. Әр әйелдің өмірі мен денсаулығы өз қолында. Ерте са­тысында анықталған жатыр обырын бір ғана отамен емдеуге болады”, – дейді 30 жылдық тәжірибесі бар Ольга Краснопевцева.

Бүгінде орталықта жатыр обыры ауруымен 678 адам есепте тұрса, соның 447-сі дерттен құлантаза айық­қан. Жалпы бұл кесел таралуы бойынша онкологиялық аурулар арасында көш бастап тұр.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp