«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жемқорлықпен бірге күресейік!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Жемқорлыққа қарсы волонтерлік” атты жобаны жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Ондағы мақсат – азаматтарды өз қатарына ерікті түрде тарта отырып, қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуал қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді және олардың салдарын жою бойынша жұмыстарды күшейту.

Әлеуетті волонтер ретінде белсенді азаматтар, қоғамдық ұйымдар, студенттер, студенттік ұйымдар, зерттеу орталықтары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлер, сарапшылар, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, жеке ұйымдар қабылданады. Жоба аясында мына бағыттар бойынша қоғамды жегі құрттай жеген жемқорлықты еңсеруге болатыны айтылған: қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және ағарту шаралары, “Pro bono” волонтерлік (кәсіби көмек көрсету) және корпоративтік еріктілік. Атқарылатын қызметтер тек бұлармен шектелмейді, еріктілер жеке іс-шараларды немесе жобаның бағыттарын өзі жүзеге асыратын қызмет түріне қарай таңдап, үйлестіруге құқылы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жеке үлес қосуға ниет білдірушілерге практикалық және әдістемелік көмек жан-жақты әрі жүйелі түрде көрсетілетін болады.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp