«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тіркеу аяқталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызда 27 тамыз күні аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтеді.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, әкім сайлауы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты – Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Шал ақын аудандарында, өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты – Айыртау, Аққайың, Есіл, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тимирязев, Шал ақын аудандарында болады.

Сайлауға түсуге барлығы 109 кандидат ұсынылған, олардың 28-і – саяси партиялардан, соның ішінде 24-і – “AMANAT” партиясынан, 2-еуі – “АУЫЛ” ҚХПП, 2-еуі – “Ақ жол” ҚДП және 81 адам – өзін-өзі ұсыну жолымен құжаттарын тапсырды.

Бүгінге дейін 101 кандидат тіркелді. 6 кандидаттың құжаттары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеді. Бұдан басқа, Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиялары қажетті құжаттарды ұсынбағандықтан, 2 кандидатты тіркеуден алу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі таңда барлық үміткерлердің құжаттары арнайы тексеруге жіберілді. Тіркелген кандидаттар куәлік алып, сайлау бюллетеніне енгізілді.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp