Жыл басынан бері облыс аумағында 371 өрт оқиғасы тіркеліп, 18 адам ажал құшқан, 15 адам әртүрлі дене жарақатын алған. 27 адам уланып, 9 адам қайтыс болған. Оқыс оқиғалардың дені өрт ережесін сақтамаудың кесірінен орын алуда.
Жақында Алматы қаласындағы 16 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт көпшілікті алаңдатқаны рас. Осындай жайтқа орын бермеу үшін өңір өртсөндірушілері биік ғимараттардың өрттен сақтану дайындығын тексерді. Көпқабатты екі тұрғын үйдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрекеті нашар болып шықты. Облыс орталығында биіктігі 28 метрден асатын отыз ғимарат бар. Ең көп тараған заң бұзушылықтар – өртті ерте анықтауға арналған өрт автоматикасы жүйесіндегі ақаулықтар мен іштегі құбырлардың сумен жабдықталмауы. Бүгінде осы олқылықтардың орны толтырылуда.
Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.