«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Тамыз 11, 2023

Ыңғайлы сервис

Мемлекеттік корпорация сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұ­мыс­тарды жалғастыруда. Қанатқақты жоба негізінде азаматтарға ыңғайлы болу үшін электрондық үкімет порталы арқылы артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және мін­детті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша сервис іске қосылды. Жаңа жоба қызмет алушылар үшін қате аударылған қаражатты қайтару жолын жеңілдетіп қана қой­май, мемлекеттік корпорация қыз­меткерлеріне жүктемені …

Ыңғайлы сервис Read More »

“АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ…”

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада 10 тамыз – Абай күніне арналған “Абай – ұлтымыздың мақтанышы” атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Шараға қатысқан қалам­герлер мен студенттер қазақтың ұлы ақынының өмірі, адамзат тәрбиесінде айшықты орын алатын кемеңгерлігі жайлы әсерлі сөз сабақтады. Кешті жазушы-журналист Жақ­сы­бай Самрат жүргізді. Алғашқы болып сөз алған 6637 әскери бөлімі тәрбие және әлеу­мет­тік-құқықтық жұмыстар …

“АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ…” Read More »

670 мың теңге сыйақы

Өңірде сыбайлас жемқор­лық фактісі туралы хабар­лаған адамдарға 670 мың тең­геден астам сыйақы берілді. Бұл туралы облыстық сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің  басшысы Сергей Перов хабарлады. Оның айтуынша, қоғамды жегі құрттай іштен ірітіп жатқан дертке қарсы күрестің бір жолы – қылмыс фактісі туралы хабарлағандарды көтермелеу. Бұл қадам өз нәтиже­сін беріп келеді. Мәселен, биыл 3 адам жемқорлық …

670 мың теңге сыйақы Read More »

Биік ғимараттарды өрт шарпымас үшін…

Жыл басынан бері облыс аума­ғында 371 өрт оқиғасы тіркеліп, 18 адам ажал құшқан, 15 адам әртүрлі дене жарақатын алған. 27 адам уланып, 9 адам қайтыс болған. Оқыс оқиғалардың дені өрт ережесін сақ­тамаудың кесірінен орын алуда. Жақында Алматы қаласындағы 16 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт көпшілікті алаңдатқаны рас. Осын­дай жайтқа орын бермеу үшін өңір өртсөндірушілері биік …

Биік ғимараттарды өрт шарпымас үшін… Read More »

Жүйткіген самокаттар

Облыс орталығында көлік саны артып келеді. Мұны жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсарып жатқандығының көрінісі деп бағалауымызға болады. Десе де “темір тұлпарлардың” көбеюінің теріс тұсы да жоқ емес. Салдарынан бұрын Петропавл көшелерінде тіркелмеген көлік кептелістері пайда болды. Жергілікті билік өкілдері бұл түйткілді шешудің бірден-бір жолы кикшеринг жүйесін енгізу екенін алға тартуда. Кикшеринг – қысқа мерзімге электр …

Жүйткіген самокаттар Read More »

Жазасын өтеушілер де жұмыспен қамтылуда

Облыстық қылмыстық-атқару жүйе­сі департаментіне қарасты №50 түзету мекемесіне баспасөз туры ұйымдастырылды. Бас бостандығы­нан айырылғандардың құқықтары­н қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталғандар, мекеме әкімшілігі тарапынан да ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бейнебақылау камера­лары орнатылуда. Қазіргі уақытта облыс аумағында орналасқан 5 мекемеде 1500-ден ас­там камера бар. – Мекемеде 200-ден астам әйел жазасын өтеуде. Мекеме аумағында 8 …

Жазасын өтеушілер де жұмыспен қамтылуда Read More »

Зәулім үйлер салатын, елден алғыс алатын

Құрылыс саласы – ел экономикасы мен әлеуетінің жетекші драйвері. Елдегі құрылыстың даму қарқынына көз тіксек, бұл салаға жұмылдырылған еңбек күші 17 пайызды құрайды. Қазақстандағы құрылыс саласында 650 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Құрылыс секторының даму үдерісін экономикалық тұрғыдан пайымдасақ, ішкі жалпы өнім жыл сайын өсім беруде. Халықтың әлеуметтік ахуалын арттыру жолында да құрылыс саласының маңыздылығы …

Зәулім үйлер салатын, елден алғыс алатын Read More »

Біліктілікті арттыру – уақыт талабы

Қазіргі таңда педагогтардың өз мамандықтарына тән ізденістері мен шеберліктері олардың кәсіби біліктілігін шыңдау, құзыреттілігін кеңейту бағыттарымен тығыз ұштастырыла жүргізіледі. Осы орайда “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” жергілікті филиалы мұғалімдер қауымы үшін біліктілік курстарын жүйелі түрде ұйымдастыруды басты бағдар еткен. Биыл 2742 пән мұғалімін оқыту мақсатымен 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірленді. Математика, информатика, физика, химия, …

Біліктілікті арттыру – уақыт талабы Read More »

Қисайған мұржа

Петропавл №2 жылу электр орталығында салынып жатқан түтін мұржасы өсінен бір жағына қисайды. “Севказэнерго” акционерлік қоғамының баспасөз қызметі құрылыстың уақытша тоқтатылғанын хабарлады. – 8 тамызда “Севказэнерго” АҚ-ның жаңа түтін мұржасын салу барысында орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қадағалайтын жауапты қызметкерлері мұржа өсінің жобалық ережеден ауытқығанын анықтады. Мердігер ұйым – “Қазтеплоспецстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мұржаны салу жұмыстары …

Қисайған мұржа Read More »

Жемқорлықтың жолы кесілуде

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірінші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланды.  Департамент жұмысының негізгі бағыты – жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресу, өңір азаматтарының тыныс-тіршілігіне кері әсері бар мәселелерді шешуге ықпал ету.  Жемқорлар жымқырған қаржы – халыққа тиесілі қазына. Мамандар жемқорлық әрекеттері жылдан-жылға азайып келе жатқанын айтады. Департамент басшысы Сергей Перов …

Жемқорлықтың жолы кесілуде Read More »

Он тоғыз мектеп жабылған

Облыста жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 7 274 бала қабылданбақ. Оның тек 1972-сінің ата-анасы баласын қазақ сыныптарына беріп отыр. Жалпы биыл өңіріміздегі мектеп оқушыларының саны 74,5 мың болса, соның 18,5 мыңы ғана қазақша білім алып жатыр. Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде 465 мектеп бар. Білім ордаларының 112-сі қазақ тілінде оқытса, аралас мектептің саны –  …

Он тоғыз мектеп жабылған Read More »

ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті “Петропавл жылу желілері” мен “Севказэнергосбыт” кәсіпорындарының жаңғырту және қайта жөндеу нысандарына баспасөз турын өткізді. Департамент басшысы Дамир Тоқтамысовтың берген ақпаратына сүйенсек, жаңа тарифтік саясат барысында “Петропавл жылу желілері” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің биылғы жылға арналған инвестициялық бағдарламасы қосымша құн салығынсыз 42067,0 мың теңгеге ұлғайтылып, 663748,0 мың теңгені …

ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ Read More »

ҚОЛЫ АЛТЫН ДӘРІГЕР

Өңір медицинасына озық емдеу технологиялары енгізілмек Жерлесіміз, медицина ғылымдарының докторы, дүниежүзілік Сократ, “Жыл адамы” сыйлықтарының лауреаты, әлемдік ғылымға қосқан айтулы үлесі үшін есімі ХХІ жүзжылдығының көрнекті ғалымдарының әлемдік тізіліміне енгізілген Абай Байгенжин “Ұлттық ғылыми медициналық орталығы” акционерлің қоғамына 2004 жылдан бері басшылық етіп келеді. Осы уақыт бедерінде бірегей орталықта 200 мыңға жуық адам емделген. 80 …

ҚОЛЫ АЛТЫН ДӘРІГЕР Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР АСТЫҒЫ — ҚЫТАЙ ЕЛІНЕ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров өңірімізге жұмыс сапарымен келген “Сиань Ай Цзюй” корпорациясының президенті Цзя Хэймен кездесіп,  экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Қытайлық кәсіпкерді астықты өлкенің табиғи өнімі қатты қызықтырып отырғандықтан, 20 млн. доллар инвестиция салмақ ниеті барын жасырмады. Бұдан бөлек, шетелдік мейман ауыл шаруашылығы саласы бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруға белсене қатыспақ. Өңір …

ҚЫЗЫЛЖАР АСТЫҒЫ — ҚЫТАЙ ЕЛІНЕ Read More »

Жауапты кезең

Тағатсыздана күткен егін жинау науқаны да басталып, диқандар қауымы күздік бидайды оруға қызу кірісіп кеткен. Гектар түсімділігі әзірге 14,3 центнерден айналуда. “Баянтай”, “Атамекен Агро Корнеевка”, тағы басқа серіктесіктердің қимылы ширақ”. Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдік отырысында осылай мәлімдеген ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев жауапты науқанға әзірлік, жемшөп қорын …

Жауапты кезең Read More »

Атаулы әлеуметтік көмек мұқтаж жандарға ғана беріледі

Мемлекеттің ең басты құндылығы – адам. Біздің елімізде әлеуметтік жағдайы төмен түрлі санаттағы азаматтар аз емес. Статистикалық мәліметке сүйенсек, облыста еңбекке қабілеттілігінен айырылған 2277 адам, асыраушысы жоқ 1476 жан мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Одан бөлек, материалдық көмекке мұқтаж көпбалалы отбасылар да бар. Осы және басқа да санаттағы жандардың мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдер бойынша сауалдарына …

Атаулы әлеуметтік көмек мұқтаж жандарға ғана беріледі Read More »

Ұлттық құрамада ойнау — абырой

Футболдан ұлттық құрама тізгінін Магомед Адиев ұстағалы бері қазақстандық аяқдопшылар халықаралық аренада жақсы ойын өрнегімен көзге түсуде. Бұған Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі матчтар дәлел. Құрама сапына биыл жергілікті “Қызылжар” командасының қорғаушысы Еркін Тапалов шақырту алды. Жақында футболшымен кездесіп, команданың соңғы кездегі жетістіктері туралы әңгімелестік. – Биыл бас бапкер Магомед Адиев шақырып, ұлттық құрама­ға алындыңыз. Бұл …

Ұлттық құрамада ойнау — абырой Read More »

СУДАЙ СҰЛУ, ЖЕЛДЕЙ ЕКПІНДІ

Ұшы, қиыры жоқ дариядай Сарыарқаның төрінде орналасқан көрікті Қызылжар мен Көкшетауды Алаш ақындарының ордасы болған жер десек, қателеспейміз. Алашқа атағы шыққан ақындарымыздың бірталайы Арқаның осы баурайында, орман-тоғайға толы аймағында туып-өскен. Кең сабаның қорындай, Бертағының баласы Орынбай, екі аяқты адамның ділмары, өткір тілді Шөже, Тойлыбай бидің ұлы Арыстан, аспанға өрлеп ән шырқайтын Біржан сал, өмірі ертегідей …

СУДАЙ СҰЛУ, ЖЕЛДЕЙ ЕКПІНДІ Read More »