«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Биік ғимараттарды өрт шарпымас үшін…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыс аума­ғында 371 өрт оқиғасы тіркеліп, 18 адам ажал құшқан, 15 адам әртүрлі дене жарақатын алған. 27 адам уланып, 9 адам қайтыс болған. Оқыс оқиғалардың дені өрт ережесін сақ­тамаудың кесірінен орын алуда.

Жақында Алматы қаласындағы 16 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт көпшілікті алаңдатқаны рас. Осын­дай жайтқа орын бермеу үшін өңір өртсөндірушілері биік ғимараттар­дың өрттен сақтану дайындығын тек­серді. Көпқабатты екі тұрғын үйдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету әре­кеті нашар болып шықты. Облыс ор­та­лығында биіктігі 28 метрден аса­тын отыз ғимарат бар. Ең көп тараған заң бұзушылықтар – өртті ерте анықтауға арналған өрт автоматика­сы жүйесіндегі ақаулықтар мен іштегі құбырлардың сумен жабдықтал­мауы. Бүгінде осы олқылықтардың орны толтырылуда.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp