«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балық – байлық көзі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық кәсіпкерлер палата­сын­да балық өсіру бойынша арнайы курс ашылды. “Мен – кәсіпкермін!” жо­басы аясында қолға алынып отырған бұл курс қатысушыларына 10 биз­несмен сабақ бермек. Ресейден де арнайы оқытушы шақыртылған.

Палатаның бөлім басшысы Әсел Самаратованың айтуынша, білім беру курсы 5 күнге созылады. Оның алғашқы 2 күнінде теорияға басымдық берілсе, қалған уақытта талапкерлердің тәжірибелері толықтырылады. Жалпы бұл жобаға 30-ға тарта адам қатысып жатыр.

Болашақ кәсіпкерлер шеберлік­терін жақын маңдағы су қоймаларында және Петропавлдағы балық питомнигінде шыңдамақ.

“Біз бағалы балық түрлерін өсіруге көңіл бөлеміз. Сол­түстік Қазақстан облысында су айдыны көп. Олардың су деңгейі климатқа, гидро­логиялық циклдерге байланысты өз­геріп тұрады. Осы факторларға на­зар аудару қажет. Судың деңгейіне байланысты балық өсіру страте­гиясы мен балық түрлерін өзгерту керек, – деді Түмен мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры Александр Литвиненко.

Қазіргі таңда біздің өңірімізде балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауланған су жануарларының едәуір бөлігін алтын және күміс тұқы балықтары құрайды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp