«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қосымшадағы жаңа функция

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Egov mobile” мобильді қосымшасы қазақстандықтарға әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты жеке “push” хабарламаларын жібереді.

Жаңартулар қазақстандықтарға алдағы маңызды күндер туралы еске салуға мүмкіндік береді, оның ішінде зейнетке шығу, ЖОО-ға түсу және бітіру, баланы мектепке қабылдау, Е-лицензиялау порталының өтінімдерін мақұлдау және компания басшысының ауысуы туралы хабарламалар бар.

– Біз азаматтарға қызмет көрсету жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатырмыз, біз әртүрлі өмірлік жағдайларға арналған тағы жеті “push” хабарламаны іске қостық. Бұл мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ адамдарды маңызды күндер туралы алдын ала хабардар етуге және “көрінбейтін” қызметтер көрсетуге көмектеседі. Осылайша біз қазақстандықтарды алдағы күндер туралы ескертеміз. Уақыт өте келе мұндай қызметтердің саны артады, – деді “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ-ның басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жіберілген “push” хабарландыруларын мобильді қосымшаның “Хабарландырулар” бөлімінде көруге болады. Мобильді қосымша орнатылмаған жағдайда “eGov.kz” порталының жеке кабинетінде ұялы нөмір көрсетілген болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктеуге сілтеме жасай отырып, 1414-тен жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпараты бар SMS жіберіледі.

Айта кетейік, бұл жаңартулар “Invisible Government” тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды. Яғни мемлекет қазақстандықтарға қажетті қызметтерді ұсынады және оларды өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде сүйемелдейтін болады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp