«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз сауда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­мен­ті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері же­дел-іздестіру іс-шаралары бары­сында Петропавл қаласындағы Астана көшесінде акцизделмеген алкогольдік және темекі өнімдерін сатқан екі сауда нүктесін анықта­ды. Сауда нүктелерінен құрамында спирт бар 285 литр сұйықтық пен әр­түрлі атаулардағы 1805 темекі қо­рабы тәркіленді. Кейін осы сауда орындарының қоймаларын тексе­ру кезінде жедел уәкілдер тағы 7921 қорап темекіні заңсыз айна­лым­нан алды. Қазір осы факті бо­йын­ша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін тиісті орындар­ға жіберілді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp