«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Тамыз 16, 2023

Озық технологияға — кең өріс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында,  цифрландыру сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы екеніне баса назар аударып, цифрлы теңсіздікті жоюдың, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен қамтамасыз етудің артықшылықтарын айтқан болатын. Мемлекет басшысы мекемеаралық байланыста да, азаматтармен қарым-қатынас кезінде де қағазбастылықтан барынша бас тартып, ең қажетті анықтамалардың қағаз түрінде талап …

Озық технологияға — кең өріс Read More »

Құқықтық көмек

“Amanat” партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов “Құқықтық көмек” партиялық жобасы аясында бір топ тұрғынды қабылдады. Бастауыш ұйым өкілдері сараптама жүргізген кезде халық құқық саласына қатысты түйткілдерге жиі тап болатынын анықтаған. Биыл наурыз айында “Құқықтық көмек” партиялық жобасы іске қосылғалы жүгінушілердің қатары көбейіп, бірқатар проблеманың түйіні тарқатылған. Келіп түскен 15 өтінім негізінен құқықтық қорғау, …

Құқықтық көмек Read More »

ӘЛЕМДІК АРХЕОЛОГИЯ ЖАУҺАРЫ

15 тамыз – Халықаралық археологтар күніне орай Айыртау ауданындағы “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы “Ботай мәдениетінің мұралары – әлемдік археологияның жауһары” тақырыбында республикалық далалық семинар өткізді. Семинарға еліміздің және шетелдердің  археологтары, мәдениет және білім беру саласының қызметкерлері, тарихшылар мен мұғалімдер қатысты. Семинар барысында қатысушылар Ботай және Красный Яр қоныстарында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен, сонымен қатар …

ӘЛЕМДІК АРХЕОЛОГИЯ ЖАУҺАРЫ Read More »

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Ел экономикасы жеті айдың қорытындысына сәйкес 4,8 пайызға өсті. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы және өңірлердің жаңа оқу жылына дайындығы қаралды. Соңғы мәселе бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров баяндама жасады. Бағаны тежеу амалы Үкімет …

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды Read More »

ДИҚАНДАРДЫҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫН

Өңір диқандары астық ору науқанына сақадай-сай әзірленіп, маңдай термен өсірілген несібені шашаусыз жинап алуды басты мақсат етіп отыр. Жауапты науқанмен тұспа-тұс келген “дала күні” Тайынша ауданындағы “Астық СТЕМ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің танап басында ұйымдастырылып, оған облыстан және көршілес өңірлерден 300-ден астам диқан қатысты. Іс-шараны кіріспе сөзбен ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов  күзгі орақтың …

ДИҚАНДАРДЫҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫН Read More »

Дизель отыны арзандады

Үкімет “Amanat” партиясының бастамасымен шаруаларға арналған дизель отынын арзандатты. Республикадағы жетекші саяси ұйым араласқаннан кейін шаруалар үшін жеңілдетілген дизель отынының 1 литрі 250 теңгеге дейін төмендеді. Қызылжар өңірінің кәсіпкерлері үшін де бұл мәселе алынбас қамалдай көрінетін. Олар өз өтініштерін орталық мемлекеттік органдарға жолдағанмен, шешімін таппай келген. “Amanat” алаңында партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымен облыстық филиалдар …

Дизель отыны арзандады Read More »

Зілқараның грамотасы

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінің қорында XVII ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың басында ғұмыр кешкен атақты Зілқара (кейбір деректерде Жылғара деп айтыла­ды) Байтоқинның 1852 жылы орыс патшасы Николай І берген “дво­ряндық” атағы жөніндегі грамота­сы бар. Грамотаның сыртқы әше­кейі де, ішкі мазмұны да таңғалар­лықтай. Әр беті әдемі, түрлі түсті оюлармен көмкерілген. Оюлардың әр тұсына аңдардың, жануарлар­дың, құстардың әскери …

Зілқараның грамотасы Read More »

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ ТҮЛЕКТЕР

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 59 түлегі (барлық оқушылардың 95 пайызы) грант иегері атанды. Олар алдағы уақытта отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдамақ. Оның ішінде 12 түлек Жапония, Гонконг, Италия, Малайзия, Венгрия және Чехияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды. Камила Бекқожина мектеп тари­хында алғаш рет Токио халықара­лық университетінің (TIU) грантын иеленді. Олжас …

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ ТҮЛЕКТЕР Read More »

Табиғат жанашырлары

Өңірде өткен аптада басталып, төрт күнге созылған “Climate week” фестивалі өз мәресіне жетті. Гер­ма­­ния, Өзбекстан, Ресей мен өз елі­міз­дің 14 университетінен жиналған өрен­дер жаһан жұртын алаңдатып отырған экология мәселесін шешу жолдарын талқылап, Қызыл­жардың тамаша табиғатынан ерек­ше әсер алып қайтты. Ашылу салтанаты М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан универ­си­тетінде ұйымдастырылып, қалған үш күнді жастар Айыртау ауданында өткізді. Олар …

Табиғат жанашырлары Read More »

Қызылша – қауіпті дерт

Өңірімізде биыл қызылшаның зертханалық расталған 12 жағдайы тіркелді. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күш­басовтың айтуынша, Петро­павлда – 8, Мағжан Жұмабаев ау­данында – 2, Аққайың және Жамбыл аудандарында бір жағдай орын алған. “Қызылшамен ауырғандардың үшеуі инфекцияны БАӘ, Ресей және Қырғызстан елдерінде демалып, сол мемлекеттерден жұқтырып келген. Сырқаттанғандардың арасында вак­цина салдырмаған 14 жасқа дейінгі екі …

Қызылша – қауіпті дерт Read More »

Заңсыз сауда

Облыстық полиция департа­мен­ті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері же­дел-іздестіру іс-шаралары бары­сында Петропавл қаласындағы Астана көшесінде акцизделмеген алкогольдік және темекі өнімдерін сатқан екі сауда нүктесін анықта­ды. Сауда нүктелерінен құрамында спирт бар 285 литр сұйықтық пен әр­түрлі атаулардағы 1805 темекі қо­рабы тәркіленді. Кейін осы сауда орындарының қоймаларын тексе­ру кезінде жедел уәкілдер тағы 7921 қорап темекіні заңсыз айна­лым­нан …

Заңсыз сауда Read More »

Ормандағы адам қаңқасы

Қызылжар ауданына қарасты Налобино ауылының маңындағы орманда жи­дек теріп жүрген жергілікті тұрғын­дар адамның қаңқасын тауып алған. Полиция қызметкерлері жүргізген са­раптама нәтижесіне сәйкес, ол Налоби­но ауылының 1960 жылы туған тұр­ғыны болып шықты. 2019 жылғы 31 тамызда бел­гісіз бағытта шығып кетіп, үйіне қай­тып оралмаған. Полицейлер, жергі­лік­ті тұрғындар мен еріктілер іздеу шараларын жүргізгенімен еш нәти­же болмаған. Қазіргі уақытта …

Ормандағы адам қаңқасы Read More »

Алимент төлеу – парыз

Өңірде алимент төлеуден қашқан 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың бесеуі сотталды. Қалған үшеуі 4 млн. теңгеден астам қарыздарын өтегендіктен жауапкершіліктен босатылды. Облыс прокурорының көмекшісі Рустам Саденовтің айтуынша, али­мент төлеуден жалтарып, сол үшін сотталған бес адамның қарызы 9 млн. теңгеден асып кеткен. “Өңірде алимент төлейтін 7519 адам бар. 175 борышкер алимент төлеуден жалтарып жүр. Бүгінде …

Алимент төлеу – парыз Read More »

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ЖАСТАР КҮНІ

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі биылдан бастап 12-ші тамызды жастар күні етіп бекітті. Бұл күні елімізден бөлек әлем жұртшылығы халықаралық жастар күнін атап өтеді. Көп жылдан бері атаусыз қалған мереке биыл қайта жанданып, еліміздің әр өңірінде фестивальдер, концерттер, жәрмеңкелер, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Осылайша жастар күнін атап өту бір аптаға жалғасты. Өңір жастары республикалық ап­талыққа қатысып, …

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ЖАСТАР КҮНІ Read More »

Пайдалы демалыс

Өз жұмысын бастағалы бері ба­лалар мен жасөспірімдердің шығар­машылық даму орталығына айнал­ған Оқушылар сарайы жаз уақытын­да да жұмыс қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Білім ордасында биыл да дәс­түрге сай жазғы академия жұмыс іс­теп, онда жүздеген ұл-қыз өз қабілет­терін дамытып, дарындарын шыңдады. Әр бала – жеке тұлға. Сондықтан да біз әр оқушының ой-пікіріне, ұста­нымына талдау жасап, оның қабіле­тін анықтаймыз, …

Пайдалы демалыс Read More »

Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге әуес

Халқымыздың үштен бірін жастар құрайды екен. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Жастарымыздың саны артқан сайын оларға қатысты бірқатар мәселелер де ушыға түсері анық. Бұл проблемаларды екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – баспана жетіспеушілігі, жұмыссыздық, кәсіпкерлікті дамыту сияқты әлеуметтік мәселелер болса, екіншісі – жастардың рухани, мәдени дамуына, саламатты өмір салтын ұстануына қатысты құндылықтар. Мұның біріншісін …

Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге әуес Read More »

“Ақтабан шұбырынды” дәуірінің көркем шежіресі

Қожаберген жырау (1663-1763 ж.) мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатына араласқан атақты жорықшы жырау, оның болмысына, маңдайына, тағ­ды­рына Жаратқан ие алуан-алуан озық та озат өлшеусіз қабілеттер да­рытқан. Ол – Әз Тәукенің кеңесшісі, әскербасы, тайпа көсемі, саясаткер, баһадүр, би, соғыс өнерінің майтал­маны. Жастайынан Самарқан пен Бұхарада мұсылманша терең білім алған, араб-парсы, шағатай тілдерін жақсы білген білімдар, сұңғыла сая­саткер, шежіреші, …

“Ақтабан шұбырынды” дәуірінің көркем шежіресі Read More »

Саф алтынның сынығындай

Тәуелсіздік таңы арайлап атқаннан бері Қызылжар өңірінің киелі топырағынан түлеп ұшып ел тарихында өшпес із қалдырған ірі тұлғалар туралы жазылған кесек туындылар аз емес. Солардың арасында тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Өмірзақ Озғанбайдың жақында ғана оқырманға жол тартқан “Барлыбаевтар ақиқаты” атты еңбегі тақырып ауқымының кеңдігімен, автордың ой-толғамының тереңдігімен ерекшеленеді. Туындының …

Саф алтынның сынығындай Read More »

ТАТУ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ МЫҒЫМ

Бір шаңырақ астында достығы ажырамастан өзара түсіністікте өмір сүріп жатқан қазақстандықтарды ортақ мақсатқа біріктіретін құндылықтар көп. Ата Заңымызда азаматтардың этникалық шығу тегіне, діни ұстанымына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тең құқықтары мен міндеттері толық қамтамасыз етілген. Ортақ Отанымыз – Қазақстанға деген сүйіспеншілік мәдени дәстүрлерді ортақтастыратын жалпыұлттық бірегейліктің темірқазығы іспеттес. “Біз бәріміз – бір отбасымыз!” деген қағидат басты …

ТАТУ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ МЫҒЫМ Read More »

Емханаға тіркеу ережелері

15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады. Биыл еңбек мигранттары – шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді. Енді олар емханаға келісімшартпен немесе ерікті медициналық сақтандырумен, сондай-ақ жүктелген медициналық сақтандыру шартымен барулары керек. Жаңа ережелер үстіміздегі жылдың 14 тамызында күшіне енді. Еңбек заңнамасы және “Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау …

Емханаға тіркеу ережелері Read More »