Қызылжар ауданына қарасты Налобино ауылының маңындағы орманда жидек теріп жүрген жергілікті тұрғындар адамның қаңқасын тауып алған. Полиция қызметкерлері жүргізген сараптама нәтижесіне сәйкес, ол Налобино ауылының 1960 жылы туған тұрғыны болып шықты.
2019 жылғы 31 тамызда белгісіз бағытта шығып кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Полицейлер, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздеу шараларын жүргізгенімен еш нәтиже болмаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.