«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Пайдалы демалыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өз жұмысын бастағалы бері ба­лалар мен жасөспірімдердің шығар­машылық даму орталығына айнал­ған Оқушылар сарайы жаз уақытын­да да жұмыс қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Білім ордасында биыл да дәс­түрге сай жазғы академия жұмыс іс­теп, онда жүздеген ұл-қыз өз қабілет­терін дамытып, дарындарын шыңдады.

Әр бала – жеке тұлға. Сондықтан да біз әр оқушының ой-пікіріне, ұста­нымына талдау жасап, оның қабіле­тін анықтаймыз, бейімі бойынша дамытуға тырысамыз. Біз­ге келушілердің дені кішкентайлар болғандықтан сабақтарымыздың көбі ойын, квест түрінде өтеді. Осы­лайша баланың көңілін көтере оты­рып қызығушылығын өзімізге ауда­ру­ға тырысамыз. Жастайынан білім­ге құштар болып, ғылыми жаңалық­тарға, өнер құдіретіне қанып өскен оқушылар кейін өздері де осы са­лада топ жарып шығарына сенеміз.

Оқушылар сарайының қабырға­сындағы жазғы академияның төрт мау­сымы мәресіне жетті. Алдағы уақыт­та “Дарын Life” академиясына келу­шілер өздерін түрлі өнер саласында сынап, шығармашылық байқауларда сайысқа түспек. Оларға Оқушылар сарайының білікті мамандары жетек­шілік етеді. “Дарын Life” академия­сының ашылуына орай көңілді кон­церт ұйымдастырылды. Келу­ші­лер топқа бөлініп, бір-бірімен та­нысты. Абай күніне орай өткен поэ­зия кешінде ақынның өлеңдері оқы­лып, ән айтылып, күй тартылды. Биге бейім жастардың жұлдызын жағу мақсатында “Стар тинейджер” би алаңы да ұйымдастырылды. Со­нымен қатар алдағы уақытта “Дарын Life” академиясының аясында музы­калық байқау, квест-ойындар, поэ­зия сағаттары, театр қойылымдары өтіп, келушілер шығармашылық ше­берханада түрлі бұйымдар жасап көрмек. Жазғы академияның бесінші маусымында 105 жеткіншек тәлім алуда.

Оқушылар сарайы – балғындардың жан-жақты дамуына жағ­дай жасалған бірден-бір орталық. Мұн­да оқушылар тек білім мен ғы­лымға ғана бойлап қоймай, өз өнер­лерін де дамытып, көпке таныла ала­ды. Енді ғана жұмысын бастап отырған “Дарын Life” академиясының да мақсаты осы. Аталған академия бі­лім ордасының осы жаздағы қоры­тынды маусымы болмақ.

Ақжол ТУСУПОВ,

Оқушылар сарайының көркемдік-эстетикалық бағыт бөлімінің меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp