«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алимент төлеу – парыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде алимент төлеуден қашқан 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың бесеуі сотталды. Қалған үшеуі 4 млн. теңгеден астам қарыздарын өтегендіктен жауапкершіліктен босатылды.

Облыс прокурорының көмекшісі Рустам Саденовтің айтуынша, али­мент төлеуден жалтарып, сол үшін сотталған бес адамның қарызы 9 млн. теңгеден асып кеткен.

“Өңірде алимент төлейтін 7519 адам бар. 175 борышкер алимент төлеуден жалтарып жүр. Бүгінде жал­пы қарыз 166 млн. теңгеге жет­кен. Қылмыстық кодекстің 139 бабы бойынша алимент төлеуден қаш­қандарға жауапкершілік қарасты­рылған.

Облыстық кәмелетке толмаған­­дардың істері жөніндегі аудан­аралық соттың үкімімен Л. есімді адамның бас бостандығы 2 жылға шектелді. Ол 10 ай бойы баласына алимент төлемеген, қарызы ша­мамен 1,6 млн. теңгеге жетеғабыл”, – дейді Рустам Саденов.

Қазіргі уақытта 6 ай қатарынан сәбиінің алдындағы міндетін орын­дамаған 13 борышкерге қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp