Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласындағы Астана көшесінде акцизделмеген алкогольдік және темекі өнімдерін сатқан екі сауда нүктесін анықтады. Сауда нүктелерінен құрамында спирт бар 285 литр сұйықтық пен әртүрлі атаулардағы 1805 темекі қорабы тәркіленді. Кейін осы сауда орындарының қоймаларын тексеру кезінде жедел уәкілдер тағы 7921 қорап темекіні заңсыз айналымнан алды. Қазір осы факті бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін тиісті орындарға жіберілді.
Әсет ҚАНАФИН.