«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылша – қауіпті дерт

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде биыл қызылшаның зертханалық расталған 12 жағдайы тіркелді.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күш­басовтың айтуынша, Петро­павлда – 8, Мағжан Жұмабаев ау­данында – 2, Аққайың және Жамбыл аудандарында бір жағдай орын алған.

“Қызылшамен ауырғандардың үшеуі инфекцияны БАӘ, Ресей және Қырғызстан елдерінде демалып, сол мемлекеттерден жұқтырып келген. Сырқаттанғандардың арасында вак­цина салдырмаған 14 жасқа дейінгі екі бала бар. Жалпы анықталған жағ­дайлардың 50 пайызында азаматтар екпе алудан бас тартқан”, – дейді Арман Күшбасов.

Өңірімізде қызылшамен ауырған­дар­дың жетеуі – 14 жасқа дейінгі бал­а. Екі адам 15-19 және 20-29 жастағы топқа жатса, қалған бір сырқат 40 жас­тан асқан. “Ауырғандардың тең жар­ты­сы қы­зылшаға қарсы вакцина алмаған. Ма­мандар қызылшаның өте жұқпалы ауыр вирустық инфекция екенін ай­та­ды. Ол ауа арқылы та­ралады. Бұл дерт көбінесе бес жасқа дейінгі балаларда немесе 30 жастан асқан ересектерде ауыр өтеді. Салдары соқырлық, энцефа­лит – мидың ісінуі, ауыр диарея және онымен байланысты дегидратация, құлақ ауруы және пневмония сияқты дерттерге соқтыруы мүмкін. Қызыл­шаны жұқтырған жағдайда бетте бөртпе пайда болып, температура жоғарылайды, көз іріндеп, жөтел, ауызда ақ дақтар пайда болады.

Аманжол ЗАҒЫПАР,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp