«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Білім бәйгесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда 2023-2024 оқу жы­лына арналған білім гранты ие­герлерінің тізімі жария­ланған болатын. Ғылым және жоғары білім министр­лігі баспасөз қыз­метінің мә­ліметінше, оқу гранттарын тағайындау кон­курсына қа­тысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырған. Бұл көр­сеткіш былтырғы жыл­мен салыстырғанда 14 мыңға артық.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универси­тетіне мемлекеттік гранттар рес­публикалық комиссия отырысы­ның қорытындысы бойынша бе­ріл­ді. Биыл бұл оқу орнына мем­лекеттік грант бойынша 1000-нан астам студент қабылданбақ.  Оның 500-і Аризона универ­си­тетімен серіктестік бағдарлама­сын таңдапты.

Білім ордасы жанындағы қа­былдау департаментінің дирек­торы Гүлмира Оспанованың ай­туынша, грантқа түскен талапкер­лердің дені еліміздің өзге өңірлері­нің түлектері. Олардың қатарында “Алтын белгі” иегерлері, халық­арал­ық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау,  Шығыс Қа­зақстан, Жамбыл, Жетісу, Қос­танай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарынан бі­лім қуып келетіндердің дені  Ұлттық бірыңғай тестілеуде 100-ден жоғары балл жинаған.  Ең жоғары – 139 балл алған үміткердің таңдауы М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға түсіпті. 

Алдағы оқу жылында өңіріміз­ге халық тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған облыстар үшін бөлінген гранттар бойынша Шым­кент қаласы мен Түркістан облы­сынан 50-ге жуық өрен келмек.

Жоғары оқу орнында құжат­тар­ды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік грант иегері атан­ған студенттерді жатақханамен қамту мәселесі шешілуде.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp