«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сырт алаңдағы жеңіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен демалыс күндері фут­болдан жоғары лига командалары арасында 20-шы турдың ойын­дары өтті. Солтүстікқазақстандық “Қызылжар” клубы сырт алаңда ақтаулық “Каспиймен” кездесті.

Ел біріншілігінің кезекті туры басталмас бұрын жерлестеріміз турнир кестесінде 5-ші орында тұр­ған болатын. Еурокубок аймағына жақындау үшін қызылжарлықтарға жеңіс ауадай қажет еді. Сондықтан болар, бірінші минуттардан бастап солтүстікқазақстандық аяқдоп­шы­лар аянып қалған жоқ. Алаң иелері де қауіпті шабуылдарға жауап қатып, бірнеше мәрте есеп ашуға тырысты.

Матчтағы алғашқы гол ойын­ның екінші бөлімінде соғылды. Авторы “Қызылжар” клубының ойын­шысы Борис Цмилянич. Ал кездесудің 58-ші минутында екінші мәрте “Каспий” қақпасынан саңылау тапты. Бұл жолы Лука Имнад­зе көзге түсті. Алаң иелері төреші қосқан қосымша уақытта бір голмен жауап қатты.

Осы ойыннан соң “Қызылжар” 33 ұпаймен төртінші орынға көте­рілсе, “Каспий” турнирдің соңғы са­тысына түсті. Көш басында шымкенттік “Ордабасы” командасы келеді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp