«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аңшылар назарына

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауыл шаруашылығы министрі­нің міндетін атқарушының бұйрығы­на сәйкес, 2023 жылдың 15 ақпаны­нан 2024 жылдың 15 ақпанына дейін аң-құс аулау мерзімі бекітілген. Солтүстік Қазақстан об­лысының аумағында мына мерзім­дерде аң-құс аулауға болады:

– ондатрға 1 қазаннан 15 ақпан­ға дейін;

– қарсаққа, түлкіге, дала сасық­күзеніне, аққалаққа, ақкіске, қоянға 1 қарашадан 15 ақпанға (аңшы ит­термен және құстармен қарсаққа, түлкіге және қоянға 15 қазаннан 15 ақпанға) дейін;

– суырға 5 маусымнан апанға кіргенге дейін;

– балшықшы құсқа 1 шілдеден 30 қарашаға дейін;

– бөдене мен кептерге 20 та­мыздан 30 қарашаға (аңшы иттер­мен және құстармен бөденеге 15 шілдеден құс қайтқанша);

– қазға, үйрекке, қасқалдаққа 26 тамыздан 30 қарашаға дейін;

– құрға 15 қыркүйектен 30 қа­рашаға дейін;

– борсыққа 1 қыркүйектен 15 қа­рашаға дейін;

– жанат тектес итке 1 қыр­күйек­тен апанға кіргенге дейін;

– қабанға 2 қыркүйектен 31 жел­тоқсанға дейін;

– елікке, маралға, бұғыға 15 шілдеден 31 желтоқсанға (олардың ұрғашылары мен төлдеріне 15 қыр­күйектен 31 желтоқсанға) дейін;

– өзен құндызына 15 қыркүйек­тен 30 қарашаға дейін.

Дмитрий БУТЕНКО,

“Қызылжар орман шаруашылығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аңшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp