«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Тамыз 21, 2023

Тәуелсіздіктің жемісі

Ұлтымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев әлем сахнасына ұлықтап жеткізген қасиетті Түркістанда “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған заманның ащы шерін жеткізген “Елім-ай” дастанының 300 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Келесі алқалы жиын жыраудың туған жері Қызылжарда өтіп отыр. Ұлы ақын Мағжан: “Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой . …

Тәуелсіздіктің жемісі Read More »

Ерлерді ел ұмытпасын

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта қожабергентануға арналған іс-шаралар өткізіліп келеді. Жуырда ғана Бекет Тұрғараевтың ұйымдастыруымен Түркістан облысында “Елім-ай” дастанына арналған үлкен конференция өтті. Жалпы халық, соның ішінде зиялы қауым Қожабергенді жоғары бағалайды. Қожаберген бабамызда баршамызды өзіне тартатын бір күш бар. Ол күш – оның отансүйгіштігі, өмір бойы қазақтың, Қазақстанның бостандығы үшін күресі болса керек. Қызылжардағы …

Ерлерді ел ұмытпасын Read More »

ЕЛ МЕРЕЙІН АСЫРҒАНДАР

Өткен жексенбі елімізде Спорт күні аталып өтті. Мерекеге орай облыс орталығында салтанатты шара ұйымдастырылып, спортшыларды өңір басшысының атынан  орынбасары Рүстем Құрманов құттықтады. Биыл солтүстікқазақстандық спортшылар халықаралық және республикалық жарыстарда  көзге түсіп, біразы қанжығажаларын майлап қайтты. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, теріскейлік саңлақтар өңір командасының қоржынына 400-ге жуық жүлде салды. Ел намысын әлемдік додаларда …

ЕЛ МЕРЕЙІН АСЫРҒАНДАР Read More »

ҚОЙМАДА — ЖЕРГІЛІКТІ КӨКӨНІС

“Солтүстік” ӘКК” акционерлік қоғамы тұрақтандыру қорына көкөністер сатып алуды бастады. Қырыққабат өнімдерін жергілікті  “Золотарев” жеке кәсіпкерлігі мен “Агрос” фермерлік шаруашылығы жеткізуде. Жас кәсіпкер Евгений Золотарев “Солтүстік” ӘКК” АҚ-мен 2020 жылдан бері форвардтық сатып алу шеңберінде жұмыс істейді. Оның өсірген көкөністері – экологиялық таза өнімдер. – Биыл біздің кәсіпорын тұрақтандыру қорына 150 тонна қырыққабат, 100 тонна …

ҚОЙМАДА — ЖЕРГІЛІКТІ КӨКӨНІС Read More »

Диқандардың діттегені — мол өнім

Ел ырыздығын асыруды  бұлжымас дәстүрге айналдырған өңір диқандары үшін қарбалас шақ туды. Басты мақсат – өнген дәнді ысырапсыз жинап алу. Астықты аймақта 4,5 миллион гектар егістік алқап бар. Соның 3,2 миллион гектары дәнді және бұршақты дақыл болса, шамамен         1 млн. гектарына майлы дақылдар  отырғызылған. Қалғаны картоп пен көкөніс. Ала жаздай дала төсінде маңдай терін төгіп, …

Диқандардың діттегені — мол өнім Read More »

Алаш туы астында…

1917 жылдың 13-ші желтоқсанында Алаш автономиясының үкіметі – “Алаш Орда” құрылды. Оның құрамына қазақтың арда перзенттері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы сынды зиялы қауым өкілдері кірді. Олардың көздеген мақсаттары қазақ-қырғыз автономиясын жариялап, милиция құру, елді сақтап, халықты большевиктердің езгісінен босату болатын. Еркіндік пен тәуелсіздікке қол жеткізуді мақсат еткендердің ішінде солтүстікқазақстандықтар да болды. Алаш Ордаға …

Алаш туы астында… Read More »

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ

Биыл жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау және төлеу тәртібі бекітілді. Ол Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көрсетілгендей, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау туралы шешімді қайта қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған …

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ Read More »

Мұндай “құрметтің” қажеті жоқ

Халқымызда “өлі риза болмай, тірі байымайды” деген керемет сөз бар. Кей адамдар оның мағынасын марқұмдарға арнап қымбат, зәулім кесене тұрғызу, әшекейлі құл­пытас орнату деп түсінетіндей. Бақилық болған адамдарға мұндай “құрметтің” бірі де қажет емес. Құран бағыштап, дұға оқыса, есімдерін ұмытпай, жақсы істерін еске алып отырса, жеткілікті. Өкінішке қарай, ысырапшылдық­ты, арзан даңғойлықты, мақтаншыл­дықты, ешқандай абырой әпермей­тін …

Мұндай “құрметтің” қажеті жоқ Read More »

АҚЫНДАРЫН ХАН ҰЛЫНДАЙ КӨРЕДІ

Айтыс – киелі өнер. Өңірімізде осынау сөз додасының өріс алуына өзіндік үлесін қосып жүргендерді көп деп айта алмаймыз. Солардың бірі жиырма жылға жуық уақыттан бері сахнада жүрген Жұмабек Рахимов. Халықаралық жыршы-термешілер мен айтыскерлер одағының мүшесі жуырда “Құлагер шабыт – сері Ақан” атты республикалық айтыста топ жарып, бас бәйгені жеңіп алған болатын. Өнерпаздың қуанышына құтты болсын …

АҚЫНДАРЫН ХАН ҰЛЫНДАЙ КӨРЕДІ Read More »

Мақтау айту әдебі

Мақтау айту жайында асыл дінімізде де, бұрынғы өткен қаламгерлер мен ғұламалардың еңбектерінде де көп айтыл­ған. Олардың бәрінің мақтау айтуға осынша мән беруі бекер емес. Өйткені адамның маңдай терін, еңбегін мүлде елемей, жігерін құм қылу, ол керісінше асыра мақтау оны ашуланшақ, рен­жігіш, өркөкірек, көп жағдайда тәкаппар етуі мүмкін. Сондық­тан да не нәрсенің болсын жолын біліп, дініміз …

Мақтау айту әдебі Read More »

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

Алматыдан Петропавлға қаты­найтын Тальго пойызына отырғызу басталды. Көлемі шағын болғаны­мен салмағы әжептәуір қызыл че­моданымды сүйреп келемін. Доңға­лақтары асфальтқа үйкеліп, қозғала жөнелгенде чемоданның ауырлығы сезілмей қалды. Вагонға тез жетуге асықтым. Жол жүру құжатымда көрсетіл­ген 4-ші вагон перронға кіретін есіктен алыс емес екен. Көк түсті форма киген қыз жымия қарсы алды. – Сіздің орныңыз 4-ші вагонда ма? …

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ Read More »

СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ

Айыртау ауданындағы “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұлттық бірегейлікті нығайту, “Ботай қонысы” археология­лық ескерткішін танымал ету, мәде­ни туризмді дамыту, жастар арасын­да шығармашылық және еңбек мә­дениетін ілгерілету мақсатында “Botaı – Uly dala mádenıetі” II Халықа­ра­лық симпозиумы өтуде. Симпозиумға Канада, Германия, Франция, Бенин, Румыния, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақ­станнан 20 суретші қатысып жатыр. Қылқалам шеберлері ұлы дала мә­дениетімен, …

СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ Read More »

Аялдамадағы электронды табло

Петропавл қаласында қыр­күйек айынан бастап автобус бағыттары жайында ақпарат беретін жаңа электронды таб­лолар іске қосылады. Жалпы облыс орталығында элек­тронды табло 2018 жылдан бері қол­данылып келеді. Олар арқылы авто­бустың неше минуттан кейін келе­тінін, қай аялдамада тұрғанын,  ауа температурасын көруге болатын. Бірақ құрылғылар жөнді жұмыс істе­ген жоқ, алдағы уақытта сол кемшілік түзетілмек. – Жақында конкурс өткізіліп, 31 …

Аялдамадағы электронды табло Read More »

Аңшылар назарына

Ауыл шаруашылығы министрі­нің міндетін атқарушының бұйрығы­на сәйкес, 2023 жылдың 15 ақпаны­нан 2024 жылдың 15 ақпанына дейін аң-құс аулау мерзімі бекітілген. Солтүстік Қазақстан об­лысының аумағында мына мерзім­дерде аң-құс аулауға болады: – ондатрға 1 қазаннан 15 ақпан­ға дейін; – қарсаққа, түлкіге, дала сасық­күзеніне, аққалаққа, ақкіске, қоянға 1 қарашадан 15 ақпанға (аңшы ит­термен және құстармен қарсаққа, түлкіге және …

Аңшылар назарына Read More »

Тоғызы да – жүлдегер

Шымкент қаласында кикбок­синг­тен ел біріншілігі өтті. Жарыс­қа 18 командадан 211 спортшы қатысты. Өңір намысын 9 кик­бокс­шы қорғады. Олардың барлы­ғы да жүлдегерлер қатарынан кө­рін­ді. Жерлестеріміз үш алтын, екі кү­­­міс және төрт қола медаль еншіледі. Жарыстың фулл-контакт бөлі­мін­де 54 килограмм салмақ дәре­жесінде сынға түскен Данияр Жара­сов, 54 килограмдағы Аслан Асылбеков пен 86 килограмдағы Нұрсұлтан Жақыповтар алтыннан алқа …

Тоғызы да – жүлдегер Read More »

Айыбын мойындады

Петропавл қалалық поли­ция басқармасының ғимара­ты алдында “Lada Grantа” кө­лігінің жүр­гізушісінің дрифт жа­сап жүрген бейнетүсірілімі әлеу­меттік желілерге тарап кет­ті. Желі қолданушылары­ның сө­­зінше, 18 тамыз күні сағат 03:30-да көлік 20 минут бойы ғимарат алдында шыр айнал­ған. Іздестіру іс-шаралары бары­сын­да патрульдік полиция батальо­­­нының қызметкерлері авто­көлікті Пестрое көлінің маңындағы саяжай учаскелерінің бірінен тап­ты. Көп ұза­май жүргізуші де ұсталды, ол …

Айыбын мойындады Read More »

Сырт алаңдағы жеңіс

Өткен демалыс күндері фут­болдан жоғары лига командалары арасында 20-шы турдың ойын­дары өтті. Солтүстікқазақстандық “Қызылжар” клубы сырт алаңда ақтаулық “Каспиймен” кездесті. Ел біріншілігінің кезекті туры басталмас бұрын жерлестеріміз турнир кестесінде 5-ші орында тұр­ған болатын. Еурокубок аймағына жақындау үшін қызылжарлықтарға жеңіс ауадай қажет еді. Сондықтан болар, бірінші минуттардан бастап солтүстікқазақстандық аяқдоп­шы­лар аянып қалған жоқ. Алаң иелері де …

Сырт алаңдағы жеңіс Read More »