«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданындағы “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұлттық бірегейлікті нығайту, “Ботай қонысы” археология­лық ескерткішін танымал ету, мәде­ни туризмді дамыту, жастар арасын­да шығармашылық және еңбек мә­дениетін ілгерілету мақсатында “Botaı – Uly dala mádenıetі” II Халықа­ра­лық симпозиумы өтуде.

Симпозиумға Канада, Германия, Франция, Бенин, Румыния, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақ­станнан 20 суретші қатысып жатыр. Қылқалам шеберлері ұлы дала мә­дениетімен, археологиялық ескерт­кіш­терімен танысып қана қоймай, әйгілі Ботай қонысында жүргізіл­ген қазба жұмыстарын бейнелеп, солтүстіктің сұлу табиғатын қағаз бетіне түсіруде.

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ғалия Мақашеваның айтуын­ша, “Ботай” – кез келген суретшіні еліктіріп әкететін қызықты тақырып. Бұл қонысқа келген әрбір суретші ба­қытты. Тарихи жерде дүниеге келген туындыларды тек қана еліміз емес, әлем тамашалайды.

–Кейбір суретшілер солтүстік өңірге алғаш рет келіп тұр. Қазақтың Мағ­жан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов,  Ға­бит Мүсірепов сынды біртуар тұлға­ларының туған жері олардың шабыт­тарына шабыт қосты. Сонымен қа­тар алғаш рет жылқы қолға үйретілген тарихи жер оларды ерекше әсерге бөлеуде, – дейді Қазақстан Суретші­лер одағының мүшесі, жерлесіміз Болат Әскербеков.

Талантты жандардың өңіріміздегі сапарының әр күні алдын ала жос­парланған. Олар Имантау – Шалқар курорттық аймағы, “Аққайың” сауықтыру лагері мен қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасамақ.

31 тамыз күні облыс орталы­ғын­дағы “QYZYLJAR  ART”-орта­лығында қылқалам шеберлері ұсын­ған туындылардың ашылу салтана­ты өтпек. Ал симпозиум жұмысының қорытындысы бойынша суретшілер­дің шығармашылық жұмыстары біріктіріліп, кітап болып басып шыға­рылады.

Сонымен қатар суреттер аукцион­ға қойылып, одан түскен қаражат балалар үйіндегі сәбилердің білім алуына жұмсалады деп күті­луде.

Өңірімізде өтіп жатқан “Botaı – Uly dala mádenıetі” II Халықаралық сим­позиумы 1 қыркүйекке дейін жалға­сады.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp