«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жасыл желектің жанашырлары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде “Жасыл ел” еңбек жасақ­тарының жұмысы жалғасуда. Биыл­ғы маусымда бұл жұмыстарға 600-ден астам солтүстікқазақстандық жас жұмылдырылған. “Жасыл ел” жо­басы бойынша қол күшін қажет ететін жұмысқа 16 мен 29 жас аралығын­дағы азаматтар қабылданады. Олар 1 ай еңбек етеді. Сонымен қатар, атал­ған жоба аясында 14 жастағы жасөпірімдер де еңбекпен қамты­лады. Олар негізінен елді мекендер­дегі саябақтар мен көшелерге күтім жасайды.

– “Жасыл ел” бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асыры­лып келеді. Осы жолы жобаны мем­ле­кеттік тапсырыс негізінде “Қазақстанның болашағы үшін” қоғамдық студенттер бірлестігі қолға алды.  Олар “Қызылжар” орман шаруашылығы, Жастар ресурстық орталығы мен “Зенченко” серіктестігінің демеу­шілігі арқылы жұмысқа орналасты. Оларға жасы мен жұмыстың ауырлығына қарай жалақы төленеді, – дейді “Жасыл ел” жасақтарының үй­лестірушісі Рүстем Арманов.

Бүгінде қала маңындағы “Қызылжар” орман шаруашылығында 14 жас еңбек етуде. Олар әдеттегідей 8 сағаттан аптасына 5 күн жұмыс іс­тейді. Шаруашылық аумағын тазалау, өсімдіктерді суару, абаттандыру жұмыстары жүктелген.

– “Жасыл ел” жайлы туыстарым­нан естідім. Ести сала бірден құжат жинауға кірістім. Жалақысы жаман емес. Өзімнің қажеттіліктеріме жете­ді. Жұмыс та айтарлықтай қиын деп айта алмаймын. Жаңбыр жауғанда немесе күн қатты ысып кеткенде үйге жібереді. Қоршаған ортаны тазалап әрі абаттандыра жүріп еліміздің экологиясына өз үлесімді қосып жатқаныма қуанамын, – дейді еңбек жасағында тер төгіп жүрген оқушы Досжан Мұхаметжанов.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp