«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ерте сатысында анықталса…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге Ресейдің Омбы қаласындағы патоморфологиялық клиникалық онкологиялық диспансер зертханасының ақхалаттылары келді. Аталған мекеме Ресейде үздік ондыққа кіреді. Диспансерге заманауи үлгідегі жабдықтар қойылған. Ем-дом шараларында жаңа технологиялар қолданылады.

– Қолда бар мүмкіндіктер бізге тек өз облысымыздың ғана емес, көршілес Қызылжар өңіріндегі науқастарға да қызмет көрсетуге жол ашып отыр. Морфологиялық диагностика онкологияның негізі болып табылады. Мұны дамыту арқылы ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Бүгінде біз молекулалық генетика сатысына шықтық. Ол белгілі бір препараттарға тәуелді. Дәрілердің ем-дом кезіндегі әсері жоғары, – дейді клиникалық онкологиялық диспансері зертханасының патология бөлімінің меңгерушісі Сергей Глатко.

Ол біздің өңірімізде онкологиялық ауруды ерте сатысында анықтау ісінде ілгерілеушілік бар екенін атап өтті. Оған статистикалық мәліметтер дәлел.

– Ауруға шалдығу және өлім-жітім көрсеткіші әркез бірге жүреді. Қазір бойынан дерт анықталған азаматтардың саны көбеюде. Бірақ кеселден қайтыс болатындар айтарлықтай азайды. Себебі жаңа технологиялар пайда болуда. Осы ретте морфологтардың еңбегі орасан. Ауру анықталып, зерттеледі. Бұрындары емделуі мүмкін емес боп көрінген кеселге қазір дәрілер шипа болуда, – дейді облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Олег Дудяк.

Осы ретте ауруды ерте сатысында анықтау аса маңызды. Мұндай жағдайда кеселді бір ғана сәулемен жоюға болады екен. Жалпы бүгінгі таңда облыстық көпбейінді аурухананың онкологиялық орталығында 11 мың солтүстікқазақстандық есепте тұр.

Алдияр АЙТПАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp