«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.08.2023

Туыстарымен қауышты

Облыстық қылмыстық-атқару жүйе­сі департаментіне қарасты №50 мекемесінде сот­талғандардың туыс­та­­ры үшін “ашық есік” күні ұйымдас­ты­рылды. Акция аясында жаза­сын өтеушілерге концерттік бағдарлама ұсынылды. Қазіргі уақытта №50 мекемеде 200-ден астам әйел жазасын өтеп жа­тыр. “Ашық есік” күніне бірнеше өңірден (Ақмола, Қостанай облыс­тары, Астана қаласы) 59 сотталған­ның 190-ға жуық туысы келді. Оларға экскурсия ұйымдастырылды, сондай-ақ тәтті­лер, концерттік бағдар­лама мен …

Туыстарымен қауышты Read More »

Шатыры ұшқан үй

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­ның орталығы – Новоишимка ауылында қатты жел ғимараттың сыртқы қасбетін зақымдап, көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мә­ліметінше, кешкі сағат бесте ауылда жылдамдығы секундына 30 метр болатын қатты жел соғып, жаңбыр аралас бұршақ жауған. Ауа райының қолайсыздығынан Новоишимка ауылы жарықсыз қалған. Ауылдағы 190 отбасы тұратын 1961, …

Шатыры ұшқан үй Read More »

Қауіпсіздікті қатаң сақта, жүргізуші!

Жергілікті полиция қызметі бас­қармасының қызметкерлері электрлі самокаттар мен велосипед тебетін азаматтар арасында түсіндіру жұ­мыстарын жандандырды. Тәртіп сақ­шылары 30 тамызда күшіне енетін “Жол қозғалысы туралы” Заңға енгі­зіл­ген түзетулер жайлы еске салуда, сондай-ақ, электрлі көліктің жүргі­зушілеріне қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Электрлі самокатқа екі адамның отыруына, көлемі үлкен жүктерді та­сымалдауға болмайды. Жүргінші­лер өткелінен және бағдаршамнан өтерде самокаттан …

Қауіпсіздікті қатаң сақта, жүргізуші! Read More »

БАҚЫТ БЕСІГІ

“Мерейлі отбасы” ұлттық бай­қауы – елімізде дәстүрлі түрде өткізі­ліп келе жатқан іс-шара. Ондағы мақ­сат – отбасылық құндылықтарды дә­ріп­теу, отбасы институтының мәрте­бесін, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, қа­зақ халқының бағзыдан келе жатқан тәрбиесін ұлттық құндылық ретінде жандандыру. Байқау үш кезеңнен тұрады. Аудандық және қалалық ке­зеңнің жеңімпаздары облыстық сайыста бақ сынап,  одан сүрінбей өткендер республикалық кезеңге жолдама …

БАҚЫТ БЕСІГІ Read More »

Ғарыш әлемінің құпиялары

Тарихи құжаттардағы деректерге қарағанда, беймәлім ұшатын нысан­дар (БҰН) барлық заманда болған. Бұрын да олар дәл бүгінгідей аса күрделі маневрлар жасап, көлемін үлкейтіп, не кішірейтіп, ұшып бара жат­қан сәтінде кескінін өзгертіп, ора­сан зор жылдамдықпен қозғалып, кейде көрінбей қалып, физикалық қасиеті әлі күнге белгісіз болып келе жатқан сәулелер шығарып, жұртты таң-тамаша қалдырып жүрген… Ресей зерттеушісі Г.Куницынның айтуынша, …

Ғарыш әлемінің құпиялары Read More »

Құқығы қорғалды

Өңірімізде биылғы жарты жылда 297 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға көп. Петропавлда жетім ба­ла­ның құқығы тапталып, пәтер кезе­гіндегі орны заңсыз кейінге ысырыл­ған. Тексерістен кейін қалалық әкім­діктің жауапты маманына сөгіс берілді. Мемлекеттік қызмет істері агент­тігі облыстық департаментінің мәлі­ме­тінше, көктемде Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығы, жолаушылар көлігі және …

Құқығы қорғалды Read More »

Қазақтың қайсар қызы

Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегі адам түсініп болмайтын небір аумалы-төкпелі оқиғаларға, әлеуметтік қайшылықтарға толы болды. Таптық күрестің ширыққаны соншалық, сеңдей соғылысқан халық не істерлерін білмей қатты дағдарып қалды. Күнкөріс қиындап кетті. Осындай өліара шақта жүрегі елім, жерім деп соққан қазақтың арда ұлдары мен аяулы қыздары саяси сахна төріне көтеріліп, азаматтық белсенділігімен, нақты ұстанымымен, айқын көзқарасымен алмастай …

Қазақтың қайсар қызы Read More »

Ерте сатысында анықталса…

Өңірімізге Ресейдің Омбы қаласындағы патоморфологиялық клиникалық онкологиялық диспансер зертханасының ақхалаттылары келді. Аталған мекеме Ресейде үздік ондыққа кіреді. Диспансерге заманауи үлгідегі жабдықтар қойылған. Ем-дом шараларында жаңа технологиялар қолданылады. – Қолда бар мүмкіндіктер бізге тек өз облысымыздың ғана емес, көршілес Қызылжар өңіріндегі науқастарға да қызмет көрсетуге жол ашып отыр. Морфологиялық диагностика онкологияның негізі болып табылады. Мұны дамыту …

Ерте сатысында анықталса… Read More »

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР

Тамыз конференциясының өңірдегі жұмысы екі күнге жалғасып, алғашқы күні облыстық секция аясында мұғалімдерге ортақ мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыға түсті. Биылғы алқалы жиынның басты ерекшелігі – Тамыз кеңесі жалпыреспубликалық сипат алып, білім беру процесінің әр қырын қамтып отыр. Осылайша еліміздің 20 өңірінде берілген тақырыптар бойынша жиындар ұйымдастырылды. Өңірімізге келген меймандар мен жергілікті мамандар “Педагог …

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР Read More »

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ — 29 АВТОБУС

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңіріміздегі ауыл мектептеріне 29 заманауи автобус табысталды. Бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әсіресе мектептері жоқ шалғайдағы халқы аз ауылдарда тұратын балалар автобуспен қамтамасыз етіледі. Көліктерді  салтанатты табыстау рәсіміне облыс әкімі Айдарбек Сапаров қатысты. “Елімізде білім беру саласына ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттің қолдауының арқасында өңірде …

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ — 29 АВТОБУС Read More »

Қосымша  гранттар

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен облыстық әкімдікте 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін беріледі. Биыл жаңа оқу жылына жергілікті бюджеттен қосымша 68 грант бөлінді. Мамандар еңбек нарығының сұранысын ескере отырып даярланады, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласы бойынша …

Қосымша  гранттар Read More »

ДИҚАНДАР — ДАЛА ТӨСІНДЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз маслихаты “2023 жылғы астық жинау науқанының барысы” тақырыбына арналып, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев баяндама жасады.  Биыл облысымызда 4,5 млн. гектар жерге дән сіңірілген.  Оның 3,4 млн. гектары – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 685,8 мың гектары – майлы дақылдар, 28 мың гектары – …

ДИҚАНДАР — ДАЛА ТӨСІНДЕ Read More »

ҮШ ЖҮЗДІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ХАН АБЫЛАЙ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің ашылуына 15 жыл толуына орай “Абылай хан – ерлік дәуірінің ерен тұлғасы” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысы басталмас бұрын меймандар музей алаңындағы Абылай ханның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Содан кейін кеш қонақтары “Ордасы Ұлы Абылайдың” деген атаумен өткізілген көрмені тамашалады. …

ҮШ ЖҮЗДІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ХАН АБЫЛАЙ Read More »