«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Туыстарымен қауышты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қылмыстық-атқару жүйе­сі департаментіне қарасты №50 мекемесінде сот­талғандардың туыс­та­­ры үшін “ашық есік” күні ұйымдас­ты­рылды. Акция аясында жаза­сын өтеушілерге концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қазіргі уақытта №50 мекемеде 200-ден астам әйел жазасын өтеп жа­тыр. “Ашық есік” күніне бірнеше өңірден (Ақмола, Қостанай облыс­тары, Астана қаласы) 59 сотталған­ның 190-ға жуық туысы келді. Оларға экскурсия ұйымдастырылды, сондай-ақ тәтті­лер, концерттік бағдар­лама мен ани­маторлардың шоуы көрсетілді.

Сотталған М. туыстарымен кез­дес­кені үшін қуанғанын айтты. Ол жуырда бостандыққа шықпақ.

– Бүгінгі күннің есімде ұзақ уақыт қалатыны сөзсіз. Отбасыңмен бірге болудың нағыз бақыт екенін енді тү­сінгендеймін. Алдағы уақытта бар­лық жоспарларым мен армандарым­ды жүзеге асырамын деп үміттенемін, – деді ол.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp