«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіпсіздікті қатаң сақта, жүргізуші!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жергілікті полиция қызметі бас­қармасының қызметкерлері электрлі самокаттар мен велосипед тебетін азаматтар арасында түсіндіру жұ­мыстарын жандандырды. Тәртіп сақ­шылары 30 тамызда күшіне енетін “Жол қозғалысы туралы” Заңға енгі­зіл­ген түзетулер жайлы еске салуда, сондай-ақ, электрлі көліктің жүргі­зушілеріне қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Электрлі самокатқа екі адамның отыруына, көлемі үлкен жүктерді та­сымалдауға болмайды. Жүргінші­лер өткелінен және бағдаршамнан өтерде самокаттан түсіп, жаяу жүру ке­рек. Полицейлер бірер күннен кейін ел аумағында басталатын “Абайлаңыз – балалар!” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде де мектеп оқушылары арасында түсін­діру жұмыстарын қолға алмақ.

“Жол қозғалысы туралы” Заңға енгізілетін түзетулерге сәйкес электрлі көлік құралдарына, самокаттарға тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдам­дықпен жүруге рұқсат етіле­ді, ал автокөлік жүретін жолға шық­қанда оларды басқаратын жүргізушілер бастарына шлем киюі және өзімен бірге кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Қазіргі уақытта біз электрлі самокаттардың жүргізуші­лерімен профилактикалық сипат­тағы әңгімелесулер жүргізіп жатыр­мыз. Мақсатымыз осы көлік түрінің жүргізушілеріне және айна­ла­дағы­ларға төнетін қауіпті азайту болып саналады.

Үстіміздегі жылдың жеті айында облыс жолдарында 184 жол-көлік оқи­ғасы тіркеліп, соның салдарынан 22 адам қаза тапты, 266 адам жа­рақат алды.

Айдын БАЙМАТОВ,

жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp