«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ерекше жарыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда “Ринг патшасы – 2023” атты бокс спортының ардагер­лері арасындағы жарыс өтуде. Биыл турнирге 47 былғары қолғап шебері қатысып жатыр.

“Ринг патшасы” додасы өңірде осы­мен 6-шы жыл қатарынан ұйым­дастырылып отыр. 4 күнге созыла­тын жарыстың салтанатты ашылуы Камиль Сафин атындағы бокс мек­тебінде өтті. Шараға жиналғандар турнирдің маңыздылығын атап өтті. Алдымен шаршы алаңға 63 ки­лограмм санатын­дағылар шықты. Бі­рінші жекпе-же­кте көкшетаулық Анд­рей Спиридонов пен павлодарлық боксшы Игорь Михайлов қолғап түйіс­тірді.

– Менің жасым 66-да. Қарсыла­сым менен жас болған соң азулы боксшыға төтеп бере алмадым. Ұйым­дастырушыларға алғысым шек­сіз. Келер жылы турнирде жеңімпаз ата­нуға тырысамын, – деген Игорь Ми­хайлов жарыстың бірінші кезде­суінде есе жі­бергеніне еш өкінбей­тінін жет­кізді. Осы жолғы турнирге Қазақ­стан­ның қа­лаларынан бөлек, Ресей мен Өз­­бек­стан елдерінің өкіл­дері қа­тысу­да.

“Ринг патшасы – 2023” атағы үшін боксшы­лар 6 салмақ дәреже­сінде мықтыны анықтайды. Жекпе-жектер 3 раундтан тұ­рады, әр­қайсы­сының ұзақтығы – 3 минут. Турнир қоры­тындысы бойын­ша жеңімпаз­ға 150 мың, күміс жүлде­герге – 100 мың және үшін­ші орын иегер­іне 50 мың теңге кө­лемінде сыйақы бе­ріледі. Финал­дық кездесулер тамыз­дың 30-ы күні өтеді деп жоспарла­нуда.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp