«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Тамыз 28, 2023

Берік тұғыр

Конституция жаңадан шаңырақ көтерген Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жарқын болашағын анықтап берді. Ата заң аясында елдіктің ең алғашқы қазығы қағылып, қабырғасы қаланды. Шаңырағымыз биіктеп, босағамыз бекіді. Бүгінде заңы кемелденген, саясаты орнықты, қоғамы тұрақты, сыртқы және ішкі геосаяси ахуалы қалыптасқан іргелі елге айналдық. Конституция күні – Қазақстан халқы үшін мерейлі мереке ретінде аталып өтіп келеді. 30 тамызда …

Берік тұғыр Read More »

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ — ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА

Қазақстанның дербес ел, егемен мемлекет, еркін халық екенін білдіретін Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 28 жыл толады. Тарихтың таразысына салып қарасақ бұл уақыт аз да, көп те емес. Алайда осынау жылдар бедерінде елімізде көптеген игі істер атқарылды. Қазақстан адамның құқығы мен бостандығына кепілдік беретін зайырлы мемлекетке айналды. Негізгі құжатта Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде жариялай …

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ — ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА Read More »

Ұлттық көзқарас керек

Бүгінде көп нәрсе өзгерді ғой, соның бірі – тарихқа көзқарас. Мә­селен, кеңестік ке­зеңде Әбіл­қайыр хан “қазақтардың Ресейге өз еркімен қосылуына” зор еңбек сіңір­ген хан ретінде айтылатын. Ал Әбіл­қайыр хан мен патшалық Ресей арасындағы келісімге келер болсақ, қазақ ханы орысқа бодан­дық­қа ант бермеген. Оның сөзде­рін Ресей патшасына жеткізгендер бұрмалап, “қол астыңа ал” деген­дей мағынаға өзгерткен. Соның …

Ұлттық көзқарас керек Read More »

АТ ҮСТІНДЕ ӨТКЕН ҒҰМЫР

Біздің өңірімізде тұрғындарды та­рихи, құнды мұралармен танысты­рып, өткен күндерді көңіл көкжиегіне қонақтататын мәдени орындар аз емес. Солардың бірі ретінде “Абы­лай хан резиденциясы” музей кеше­нін айтуға болады. Жуырда руханият ордасы өзінің 15 жылдығын атап өтті. Оның аясында қала тұрғындары мен алыс-жақын өңірлерден келген мей­мандарға “Ордасы ұлы Абылайдың” деген атаумен көрме ұсынылды. Қазақ тарихында ойып тұрып орын …

АТ ҮСТІНДЕ ӨТКЕН ҒҰМЫР Read More »

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР

“Өркендеп өз қолына алған ісі, Биікке қазағымның самға, құсы! Халық боп қадір тұтып, қастерлеген, Ата Заң – азат елдің Ар-на­мы­сы!” – деп ақын Айбатыр Сей­тақ жырла­ғандай, биыл қабылдан­ғанына 28 жыл толғалы отырған Ата Заңымыз егемендігіміздің тіре­гіне, еліміздің айбынына айналды. Осынау мем­лекеттік мерекеге орай еліміздің барлық өңірінде түрлі мә­дени-рухани шаралар ұйымдасты­рылмақ. Біздің өңірімізде де Ата За­ңымыздың …

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР Read More »

Қызылжар марафоны

Петропавлда “Қызылжар – 2023” жартылай марафоны өтті. Спорттық шара Ата Заң күніне орайластырылып, оған 300-ден астам адам қатысуға ниет білдірді. Пестрое көлі жағалауынан бас­тау алған жартылай марафонда са­лауатты өмір салтын ұстанғандар жас ерешеліктері бойынша 5, 10 және 21 шақырымдық қашықтықты бағындырды. – Биыл мемлекеттік мереке қар­саңында жартылай марафон ұйым­дастыруды жөн деп санадық. Ерлер өз араларында, …

Қызылжар марафоны Read More »

Балалар қауіпсіздігі

Облыстық полиция депар­таменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысында полицейлер мен қоғам белсенділері жалпы білім беретін мекемелерге жа­қын жердегі жасанды кедергі­лерді орнату мәселелерін тал­қы­лады. Департамент бастығы Айдын Қаб­дұлдинов атап өткендей, жол қоз­ғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау және профилактикалық әңгімелер жүргізу жеткіліксіз, барлық мүдделі тараптардың жұмысына ке­шенді көзқараспен қарау қажет. Үстіміздегі жылдың жеті айында облыс жолдарында кәмелетке тол­мағандардың …

Балалар қауіпсіздігі Read More »

Ерекше жарыс

Петропавлда “Ринг патшасы – 2023” атты бокс спортының ардагер­лері арасындағы жарыс өтуде. Биыл турнирге 47 былғары қолғап шебері қатысып жатыр. “Ринг патшасы” додасы өңірде осы­мен 6-шы жыл қатарынан ұйым­дастырылып отыр. 4 күнге созыла­тын жарыстың салтанатты ашылуы Камиль Сафин атындағы бокс мек­тебінде өтті. Шараға жиналғандар турнирдің маңыздылығын атап өтті. Алдымен шаршы алаңға 63 ки­лограмм санатын­дағылар шықты. …

Ерекше жарыс Read More »

Жеңгетайлықпен айналысқан

Облыстық полиция департамен­ті баспасөз қызметінің мәліметінше, Пет­ропавлда ұйымдасқан қылмысқа қар­сы күрес басқармасының жедел уә­кіл­деріне облыс орталығындағы сау­налардың бірінің әкімшісінің жең­ге­тайлыққа қатысы бар болуы мүмкін де­ген жедел ақпарат келіп түскен. Тер­­геу әрекеттерінің нәтижесінде же­дел уәкілдер саунаның 48 жастағы әкім­ші­сі­нің тарапынан болған жеңге­тай­лық фак­тісін анықтады. Аталған факті Қыл­­мыстық кодекстің 309-бабы­ның 1-бөлігі “Жезөкшелiкпен айна­лысуға арнал­­­­ған притондар ұйымдастыру неме­­се …

Жеңгетайлықпен айналысқан Read More »

АЛАСАРМАЙТЫН АЗАМАТ

Ежелден ауылы аралас, қойы қоралас Қызылжар мен Қостанай өңірлерінің арасын жалғап жатқан тасжолдың кейбір бөлігі ғана жөнделген, шұрық тесік жерлері жетерлік. Сондықтан ойдым-ойдым тұстарына келгенде “темір тұлпарымыз” тұсаулы аттай адымын аша алмай қалады. Көлікте үшеуміз: тізгін облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаевта, жанында “Қызылжар” телеарнасының директоры Ерлан Тоқшылық және артқы орындықта мен отырмын. Біреуіміз “Ереке” …

АЛАСАРМАЙТЫН АЗАМАТ Read More »

ЕСТЕН КЕТПЕС ҚАСІРЕТ

1991 жылдың 29-шы тамызында Қазақстанның сол кездегі Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша еліміз әлем­де ядролық қарудан бас тартқан ал­ғашқы мемлекетке айналды. Бүгін жерімізге сансыз қайғы-қасірет әкел­ген ядролық жарылыстардың тоқта­тыл­ғанына 32 жыл толып отыр. Десе де, сол күндердің ызғары әлі күнге дейін сезіледі. Қазаққа небір ұлы тұл­ғаларды сыйлаған қасиетті Семей …

ЕСТЕН КЕТПЕС ҚАСІРЕТ Read More »

Бағынған биік белестер

Аумағы 4,5 мың шаршы шақырымды алып жатқан Тимирязев ауданы Қостанай облысымен және өңіріміздің Жамбыл, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандармен шектеседі. Ауданда 16 ауылдық округ бар. Тимирязево, Ақсуат, Дмитриевка, Комсомольское, Мичурино, Москворецкое сияқты ірі ауылдар ауданның дамуында үлкен орын алады. 60 жылдың ішінде ауданымызда көптеген өзгерістер орын алып, жаңа белестер бағындырылды. Биылғы мерейтой қарсаңында соның …

Бағынған биік белестер Read More »

Білімді ұрпақ — ел ертеңі

Оқушылар сарайында дәстүрлі тамыз кеңесінің қорытынды пленарлық отырысы өтті. Оған өңір басшысы Айдарбек Сапаров қатысты. Шара телекөпір арқылы байланысқа шыққан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтау сөзімен басталды. Кейін сөз кезегі Премьер-Министрдің орынбасары– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға берілді. Ол жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді. “Сіздерді білім саласы қызметкерлерінің республикалық …

Білімді ұрпақ — ел ертеңі Read More »

Ырыс пен ынтымақтың мекені

60 жыл жұмыр басты пенде үшін өмірдің бел ортасынан асатын үлкен кезең болса, қарт тарих үшін қас қағым сәт сияқты. Осынша уақыт ішінде ел жаңарып, бірнеше буын ауысады. Құндылығын жоғалтқан ескінің бәрі ұмытылып, тарихқа айналады. Кең даламыздың төсіне жаңа құрылыстар салынып, талай еңбекқор ағайын қара жерге дән себеді. Соңғы 60 жылда Тимирязев ауданының тұрғындары осының …

Ырыс пен ынтымақтың мекені Read More »

ЖҰТАР АУА ЖҰПАР БОЛСА…

Өңірде заңсыз қоқыс алаңдары көбейіп барады Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде облыстың экологиялық мә­се­лелеріне арналған брифинг өтті. Облыстық экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов өткен 8 айды қорытындылап, атқарылған жұмысты, алға қойылған міндет­терді саралады. Өңірде шешімін таппай келе жат­қан өзекті мәселелердің бірі – рұқ­сатсыз пайда болған қоқыс алаңда­ры. Биыл қоқыс төгетін 242 орын анықталса, соның 172-сінің рұқсат құжаттары …

ЖҰТАР АУА ЖҰПАР БОЛСА… Read More »

Еңбекке жарамсыздық парағы: төлем қалай есептеледі?

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 133-бабына сәйкес жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. Бұл ретте, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтар еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке қабілет­сіздіктің …

Еңбекке жарамсыздық парағы: төлем қалай есептеледі? Read More »