«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балалар қауіпсіздігі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция депар­таменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысында полицейлер мен қоғам белсенділері жалпы білім беретін мекемелерге жа­қын жердегі жасанды кедергі­лерді орнату мәселелерін тал­қы­лады.

Департамент бастығы Айдын Қаб­дұлдинов атап өткендей, жол қоз­ғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау және профилактикалық әңгімелер жүргізу жеткіліксіз, барлық мүдделі тараптардың жұмысына ке­шенді көзқараспен қарау қажет.

Үстіміздегі жылдың жеті айында облыс жолдарында кәмелетке тол­мағандардың қатысуымен 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 3 бала қаза тауып, 48-і әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Петропавл қаласы­ның аумағында 41 жалпы білім бере­тін және 35 мектепке дейінгі мекеме орналасқан. Әкімшілік полиция бас­қармасының бастығы Серік Әлжанов атап өткендей, жуырда  полиция қыз­меткерлері балалар мекемелеріне іргелес көшелерге тексеру жүргізген. Қазіргі уақытта Петропавл қаласында тек 19 учаскенің жасанды кедергілермен жабдықталғаны анықталды. 

Серік Әлжанов кеңес мүшелері­не мониторинг нә­тижелері туралы айтып берді. Әкімшілік полиция жыл басынан бері автожолдарды күтіп ұстауды мемле­кеттік қадағалау шеңберінде 1456 тексеру жүргізген, оның барысында жол қоз­ғалысы қауіпсіздігіне теріс әсер ете­тін 3840 ақау анықталып, кемшіліктерді жою жөнінде 778 нұсқаулық берілген.

Кеңесте балаларды сабаққа әке­летін ата-аналардың көліктеріне арналған автотұ­рақтарды ұйымдастыруға назар аударылды, поли­цияның модульдік бекетін Қ.Байбо­лов көшесінен “Береке” саябағына кө­шіру мүмкіндігін зерделеуді және интернет-алаяқтықтарды ашу мен алдын алу жөніндегі жұмысты жан­дандыру ұсынылды.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp