«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бағынған биік белестер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аумағы 4,5 мың шаршы шақырымды алып жатқан Тимирязев ауданы Қостанай облысымен және өңіріміздің Жамбыл, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандармен шектеседі. Ауданда 16 ауылдық округ бар. Тимирязево, Ақсуат, Дмитриевка, Комсомольское, Мичурино, Москворецкое сияқты ірі ауылдар ауданның дамуында үлкен орын алады.

60 жылдың ішінде ауданымызда көптеген өзгерістер орын алып, жаңа белестер бағындырылды. Биылғы мерейтой қарсаңында соның бәрін еске алып, жаңғырту аса маңызды. 1954 жылдың төртінші шілдесінде Октябрь ауданының аумағында Ти­мирязев кеңшары құрылды. Алға­шында елді мекенге тың игеруге орай Целинный атауы берілді. Бұл ауыл 1963 жылы Тимирязев ау­данының орталығы болып бекітілді.

1963 жылы Жоғары кеңестің бұй­рығымен Солтүстік Қазақстан облы­сының аумағында жаңа аудан пайда болды. Оның құрамына Көкшетау об­лысының 2, Қостанай облысының 2, Солтүстік Қазақстан облысының 8  кеңшары кірді. Сол жылдары аудан аумағында Сулы және Ақсуат эле­ваторлары, Белоградов астық қа­был­дау пункті, теміржол бекеті, мұ­най және көлік базалары жұмыс іс­теді. Осы сәттен бастап Тимирязев ауданының жаңа тарихы бастау алды. Дәл осы жылы ал­ғашқы партия жиыны өтіп, ауданды басқару Петр Фомичевке жүктелді. Бюро пленумында аудандық атқару комитетінің төрағасы болып Жақсы­лық Ысқақов бекітілді. Алғашқы жыл­дары аудандық ұйымдар мен меке­мелерді бір мақсат төңірегіне топ­тас­тыру оңай болған жоқ. Қызмет­керлерге арналған пәтерлер мен кең­селер тапшы еді. Сол жылдарда қыс­тың суық болғаны, қардың қа­лың жауғаны жұмысқа кедергі кел­тірді. Алайда Жақсылық Ғаб­доллаұлы іскерлік танытып, қол ас­тындағылардың көмегімен жаңа ау­данды аяққа тұрғызды.

Ауыл шаруашылығы саласы – ау­да­нымыздың басты тірегі. Тың игеру жылдары бос жатқан жерге егін егу ар­қылы тимирязевтықтар зор табысқа жетті. Осы жылдары өз ісіне адал, еңбекқор жандардың буыны қалып­тасты. Ауданға басшылық еткендер, ауыл шаруашылығының ұйымдасты­рушылары, кеңшар директорлары, агроном, инженер, механик, партия бел­сенділерінің есімдері аудан та­рихында алтын әріппен жазылары хақ. 

Аудан құрылғалы бері астық егу­мен қатар мал шаруашылығына да баса мән берілді. Аталған салада ең­бек еткен азаматтар ауданымыздың атын күллі өңірге танытты.

Александр Демченко, Геннадий Бли­нов, Алексей Ермаков, Петр Демьяненко, Андрей Стукач, Вя­чеслав Нишов, Александр Балакин сынды кеңшар басшылары ауыл шаруашылығындағы зор жетіс­тік­те­рімен көзге түсті.

Біз бүгінде жаңа елді мекен­дер­дің қазығын қағып, тың игеріп, ерлік­ке пара-пар еңбегімен үлгі болған жандардың ісін жоғары бағалаймыз. Олар елге қызмет етудің ерен үлгісін көрсетіп кетті.  Олардың қатарында Социалистік Еңбек Ері Н.Гайдуков, еңбектегі ер­лігімен көзге түскен Н.Оче­редько, 40 жылдан астам “Восход” кеңша­рын басқарған Алек­сей Ермаков­тар­ды атап өткен жөн. Ауданның арғы-бергі тарихында “Восходтан” танымал елді мекен болған емес. Кеңшар жұмысшы­лары жоспарды бірнеше есе артық орындап, үнемі алдыңғы қатардан көрінді.

Осы жылдар аралығында ау­данға Петр Фомичев,  Владимир Ганцев, Виталий Юдаков, Влади­мир Митронин, Құдайберген Қа­лиев, Михаил Трошихин, Владимир Колода, Төлеген Закарьянов,  Бо­лат Жұмабеков, Қайрат Қасенов, Ер­кін Базарханов, Ербол Сағдиев, Нұр­лан Кеңесовтар басшылық етті.

60 жыл ішінде Тимирязев өңір экономикасындағы өз орнын ай­шықтап, астықты аудандардың біріне айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай ауданда астықты алқаптардың көлемі артып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі өсуде. Біз тек аграрлық қана емес, экономиканың өзге де салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Мектептер ашылып, жолдар салы­нып, жаңа фермалар іске қосылып, сауда үйлері қызмет көрсете баста­ды. Соңғы жылдары дене шынық­тыру-сауықтыру кешені, жабық мұз айдыны, мәдени-сауықтыру орта­лығы ашылып, 9 ауылда су мұна­ра­сы қолданысқа берілді. Аудан орта­лығындағы “Жастар” стадионы жөн­делді.

Ауданның 60 жылының жарты­сынан көбі Тәуелсіздік кезеңіне сәй­кес келеді. Егемендік жылдары да ауданда көптеген игі істер атқары­лып, жаңа жобалар жүзеге асты. Әсі­ресе тарихи орындар табылып, өт­кен күннің құнды деректері анық­талды. Тарихы терең Тимирязев ау­данының жерінде небір батырлар­дың, сөз шеберлерінің, жез таңдай әншілердің ізі қалған. Ерте темір дәуіріне тиесілі “Қайран” ес­керткіші, өткен ғасырдың басында Жарқын ауылының маңында болған саяси тұтқындарға арналған лагердің орны да өткен күннен сыр шертеді.

Бүгінде ауданда 9850 тұрғын бар. Олардың жартысына жуығы аудан орталығында тұрып жатыр. Аудандағы егістік көлемі – 258 мың гектар. Оның басым бөлігіне дәнді дақылдар, қалғанына майлы да­қыл­дар мен көкөніс егіледі. Ауыл ша­руашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 61298 млн. теңге болса,  соның 53579 миллионы өсімдік шаруашылығының үлесіне тиесілі.

Аудан аумағында ұзындығы 328 кимлометр автомобиль жолы бар.  Оның 212-сінің аудандық маңызы бар, 38 шақырымы облыстық маңызы ие, 78-і республикалық маңызы бар жол­дар. Тимирязев ауданы 182 кило­метрге созылған су магистралі ар­қы­лы тіршілік көзімен қамтамасыз еті­леді. Биыл ауданда жолдарды жөндеу бойынша ауқымды жұмыс­тар істелуде. Аудан орталығынан бө­лек бірқатар ауылдардың кіребе­ріс жолдары жөнделуде.

Ауданның денсаулық сақ­тау, білім беру,  мәдениет, спорт сала­ларында жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Мұның бәрі мемлекеттік қолдау мен тұрғын­дардың бірлігінің арқасында мүмкін болып отыр. Биылғы мерейтойға орай аудан орталығында да бірқа­тар игі істер атқарылды. Аталған жұ­мыстарға жергілікті кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып, құрылыс жұмыс­тарына атсалысты.

Ерлан ЖАРОВ,

Тимирязев ауданының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp