«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Берік тұғыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Конституция жаңадан шаңырақ көтерген Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жарқын болашағын анықтап берді. Ата заң аясында елдіктің ең алғашқы қазығы қағылып, қабырғасы қаланды. Шаңырағымыз биіктеп, босағамыз бекіді. Бүгінде заңы кемелденген, саясаты орнықты, қоғамы тұрақты, сыртқы және ішкі геосаяси ахуалы қалыптасқан іргелі елге айналдық.

Конституция күні – Қазақстан халқы үшін мерейлі мереке ретінде аталып өтіп келеді. 30 тамызда ғана емес, Конституцияның құдіретін, қажеттілігін Қазақстан жұртшылығы жан-тәнімен түсінеді деп ойлаймын. Ата Заңның елімізде азамат­тық қоғамның орнығуы мен құқық үстемдігінің бекуіне ба­рынша ықпал етіп, тиімді би­лік жүйесінің қалыптасуы мен ұлттық заңнаманың дамуын және басқа да қоғамдық ин­с­титуттардың сындарлы жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін нормативтік негізі мық­ты, өміршең де маңызды құ­жат екендігі бүгінгі таңда мойын­далған ақиқат. Әрбір мемлекет үшін құ­қық­тық жүйе­нің жай-күйі – сол елдің жалпы жағ­дайы мен дамуының ең маңызды мәселелерінің бірі. Ал құқықтық жүйенің табан тірейтін негізі Конституция еке­ні белгілі. Себебі бұл құжат – қо­ғам мен мемлекеттің Негізгі Заңы. Конституцияда мемлекеттік құрылыс нысаны, тіршілік етуші қоғамның саяси нысаны, мемле­кет­тік органдардың жүйесі, олар­ды құру тәртібі мен жұмыс істеу тәсілі, адам мен аза­маттың құ­қық­тары мен бостандықтары бекі­тілген. Тәуелсіз еліміздің мем­ле­кет­тік құ­рылысының құ­қық­тық негі­­зін қа­лап берген құжат еге­менді Қа­зақс­тан­ның қалып­тасуының, қоғам­да­ғы тұрақ­ты­лық­ты сақтаудың, барлық қоғам­дық процесті реттеудің күрделі ке­зеңінде құқықтық және сая­си акт ре­тінде өз міндетін толық атқарды. Оны елең-алаң жылдары, әсіресе, ел басқару ісінде болған азаматтар жақсы біледі.

Конституция – кез келген елдің тірегі. Заңы мықты ел мәңгілік ел саналады. Заңға сеніп, заңға арқа сүйеген ел ғана жаңа ғасырдың төрінен орын алып, жарқын болашаққа еркін жол тартады. Баршаларыңызды осынау мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ата Заңымыздың алдында әрбір азаматтың бірдей екенін естен шығармайық! Конституциямыз кез келген Қазақстан азаматының арқа тірегі, сүйеніші.

Сән Жұмағазина,

   облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp