«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеңгетайлықпен айналысқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департамен­ті баспасөз қызметінің мәліметінше, Пет­ропавлда ұйымдасқан қылмысқа қар­сы күрес басқармасының жедел уә­кіл­деріне облыс орталығындағы сау­налардың бірінің әкімшісінің жең­ге­тайлыққа қатысы бар болуы мүмкін де­ген жедел ақпарат келіп түскен. Тер­­геу әрекеттерінің нәтижесінде же­дел уәкілдер саунаның 48 жастағы әкім­ші­сі­нің тарапынан болған жеңге­тай­лық фак­тісін анықтады. Аталған факті Қыл­­мыстық кодекстің 309-бабы­ның 1-бөлігі “Жезөкшелiкпен айна­лысуға арнал­­­­ған притондар ұйымдастыру неме­­се оларды ұстау және жеңге­тайлық” бойынша сотқа дейінгі тер­геп-тек­серулердің бірыңғай тізілімі­не енгізілді.

“Сауна әкімшісі мекеме клиент­те­ріне интимдік қызмет көрсету үшін жеңіл жүрісті қызды шақырған. Бой­жеткен алған сыйақысының бір бөлі­гін шақырғаны үшін әкімшіге берген. Қа­з­іргі уақытта бұл факті бойынша сот­қа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қыл­мыс­тық кодекстің 309-бабының санк­ция­сына сәйкес жезөкшелiкпен ай­на­лысуға арналған притондар ұйым­­дастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсатта­ғы жең­­гетайлық үшін мүлiкті тәркiлеу және бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген”, – дейді облыстық полиция де­партаменті ұйымдасқан қылмысқа қар­сы күрес басқармасы бастығы­ның мін­детін атқарушы Рахат Нұрахметов.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp