«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға, құсы!

Халық боп қадір тұтып, қастерлеген,

Ата Заң – азат елдің Ар-на­мы­сы!” – деп ақын Айбатыр Сей­тақ жырла­ғандай, биыл қабылдан­ғанына 28 жыл толғалы отырған Ата Заңымыз егемендігіміздің тіре­гіне, еліміздің айбынына айналды. Осынау мем­лекеттік мерекеге орай еліміздің барлық өңірінде түрлі мә­дени-рухани шаралар ұйымдасты­рылмақ. Біздің өңірімізде де Ата За­ңымыздың ел өміріндегі орнын ай­шықтай түсетін жиындар өткізу жос­парланып отыр.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек,   мере­ке­ге арналған шаралар легі 28 та­мыздан бастап ұйымдастырылуда.  Бұл күні Тұңғыш Президент саяба­ғында “Футболды жаз” деген атау­мен қала оқушылары арасында ша­ғын футболдан турнир өтті.  Ақтық кезеңі 29 тамызда ұйымдасты­рыл­мақ. Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ сазды-драма теат­ры­ның жаңа ғимаратында өтетін ме­рекелік концертте Ата Заңымызды айшықтайтын туындылар орындал­мақ. Онда есімі елімізге белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғали Нүсіпжанов, “Сұлу” тобы мен жергілікті өнер­паздар өнер көрсетеді.

30 тамыз күніне жоспарланған рухани шаралардың дені Орталық алаңда өтеді деп күтілуде. “Еркін­діктің асқақ шыңы – Ата Заң” мере­келік концертіне, тоғызқұмалақ, дой­бы, шахматтан өтетін сайыстарға, “Салт-дәстүр” фестиваль-байқауы­на өңір тұрғындары мен қонақтары шақырылуда. Жеңіс саябағында “Жас дарын” өнер мектебінің тәр­биеленушілері “Қазақстан Консти­ту­циясы – халық дауысы” атты сал­танатты кеш ұйымдастырмақ.  Бұл күні “Динамо” стадионында фут­бол­дан қала чемпионаты өтпек.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp