«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылжар марафоны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда “Қызылжар – 2023” жартылай марафоны өтті. Спорттық шара Ата Заң күніне орайластырылып, оған 300-ден астам адам қатысуға ниет білдірді.

Пестрое көлі жағалауынан бас­тау алған жартылай марафонда са­лауатты өмір салтын ұстанғандар жас ерешеліктері бойынша 5, 10 және 21 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

– Биыл мемлекеттік мереке қар­саңында жартылай марафон ұйым­дастыруды жөн деп санадық. Ерлер өз араларында, қыздар өз арала­рында мықтыны анықтады. Жарыс­та жас санаттары бойынша жүлде­герлер белгілі болды. Шараға 15 пен 60-тан жоғары жастағылар бел­гіленген қашықтықтарды бағынды­ру­ға тырысты. Қуантарлығы, жыл сайын қатысушылардың қатары артып келеді, – дейді облыстық спорт және дене шынықтыру бас­қармасының басшысы Сергей Ме­лехов.

Бұдан бөлек, биылғы жартылай марафонда скандинав жүрісі бо­йынша жарыс өтті. 5 шақырымдық қашықтыққа шыққандар арасында да жеңімпаздар анықталды. Бұл сын­да ерлер қатарында Степан Кос­тылев алтын жүлдеге қол жеткізсе, Дмитрий Мец күміс медальға ие бол­ды. Үздік үштікті Валентин Лямкин қорытындылады. Қыз-келіншектер арасында Любовь Шахян топ жар­са, Антонина Шершнева екінші орынға табан тіреді. Евгения Хо­лодных үшінші сатыға жайғасты.

Ал 21 шақырымдық жартылай марафонда ерлер арасынан жеңіс тұғыры­на Вадим Левченков көтерілсе, Азат Назыров екінші, Александр Беспа­лов үшінші орынды місе тұтты. Әйелдер арасында Диана Асауова алтын, Асым Назырова күміс және Екатерина Романова қола жүлдегер атанды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp