Дәурен – қола жүлдегер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орал қаласында самбодан шеберлер арасында әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста ел намысын солтүстікқазақстандық балуан Дәурен Нұрғожин абыройлы қорғап, қанжығасын қола медальмен майлады.

Биыл самбодан шеберлер арасындағы әлем біріншілігінде ерлер бөлек, әйелдер өз араларында мықтыны анықтады. 35-39 жастағы спортшылар қатарында 88 килограмм салмақ дәрежесінде қызылжарлық Дәурен Нұрғожин да сынға түсті. Жерлесіміз 4 кездесудің тек бірінде сүрінді.

– Бірінші жекпе-жекте маған Азия чемпионы қарсылас болды, оны жеңдім.  Екінші сын да сәтті өтті. Үшінші кездесуде қостанайлық балуанмен күресіп, одан ұтылып қалдым. Дегенмен жүлде үшін күресуге тағы бір мүмкіндігім болып, қола медальді моңғолиялық спортшымен сарапқа салдық. Қуанышыма орай, 5:0 айқын басымдықпен қарсыласымды қапы қалдырдым. Бұйырғаны – үшінші орын, – дейді Дәурен Нұрғожин. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp